Жұма, 29 Наурыз 2024
1416 37 пікір 27 Қаңтар, 2023 сағат 14:11

Байтақ пен Respublica өңірлерде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады

«Байтақ» жасылдар партиясы мен Respublica партиясы бірқатар өңірде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 қаңтардағы қаулымен мәслихат депутаттарын сайлауға тек үш облысқа ғана жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыстарда және Алматы, Шымкент пен Астана қалаларында құрылды. Respublica партиясы да қазіргі уақытта өздерінің филиалдарын құрған аймақтарда ғана мәслихат депутаттарын сайлауға жіберіледі. Осыған орай «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясын» Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны, Respublica партиясының Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарғанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулыны қабылдау ұсынылады», - деді ОСК отырысында комиссия мүшесі Шавкат Өтемісов.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тізімдерін ұсыну кезеңі 8 ақпан кешкі сағат 18-00-де аяқталады.

 

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621