Жұма, 22 Қараша 2024
2326 40 пікір 27 Қаңтар, 2023 сағат 14:15

Санжар Боқаев Мәжіліс сайлауына түсуге дайын

Бұл туралы саясаттанушы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазды  Ulysmedia.kz.

«Құжаттарды өткіздім. Алматылықтар мені қолдар деген үміттемін. Қызықты, мазнұнды әрі креативті сайлау науқаны өтетініне уәде беремін» - деп жазды Санжар Боқаев.

Оның пікірінше, Қазақстанда бәрі соншалықты кері кетпеген.

“Еліміздің келешегіне сенемін. Ол үшін бізге үкіметті бақылай алатын мықты парламент керек”, – деді саясаттанушы.

Еске салайық, елімізде 19 наурызда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Бұдан бұрын Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер төлейтін сайлау жарнасын бекіткен.  Мәжіліс депутаты болуға үміткер ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуге міндетті. Елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болды. Осылай, мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңге болып бекітілді.

 

Abai.kz

40 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290