Мұхтар Тайжан Мәжіліс сайлауына түседі
Бұл туралы саясаткер әлеуметтік желі парақшасында жазды.
«Қасиетті жұма күнін арнайы күтіп, мажоритарлы жүйемен пайдаланып, Мәжіліске тәуелсіз үміткер ретінде (ешқандай партиядан емес) тіркелу үшін тап қазір арызымызды тапсырдым.
Иә, көп азаматтар мені өз өнірлерінің үміткері ретінде көргісі келді, осында көп жазып шақырған. Баршаңызға сенімдеріңіз үшін алғысымды білдірем.
Дегенмен өз басым Алматыда туып өстім ғой, әкем де осында мектебін бітірген болатын. Сол үшін мен Алматы қаласының өзінен саулауға түсуді жөн көрдім.
Қасиетті жұма күні берекелі болсын, ағайын! Бүгінгі барлық дуға-тілектеріңіз Жаратқанымыз қабыл етсін!»,-деп жазды ол.
Abai.kz