Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
1567 0 пікір 30 Қаңтар, 2023 сағат 14:37

Банкроттық рәсімін қолдана алатындар саны - 6,5 мың адам

Банкроттық рәсімін пайдалана алатын ипотекалық қарыз алушылардың саны шамамен 6,5 мың адам. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты. 

«Қазіргі уақытта барлық ипотекалық несие портфелі шамамен 4,7 трлн теңгені құрап отыр және 449 мыңға жуық қарыз алушы тіркелді», - деді Н.Әбдірахманов.

Оның айтуынша, баспананы сақтап қалу үшін тұрғындарға мерзімі өткен несиені қайтаруға мүмкіндік беретін сотқа дейінгі реттеу тәртібі қарастырылған.

«Бұл тәртіп былтыр күшіне енген еді. Оған сәйкес қарыз алушы төлем мерзімі кешіктірілгеннен кейін, 30 күн ішінде өтініш береді және банк несиені қайта құрылымдау туралы өтінішті 15 күн ішінде қарауы керек. Сондай-ақ, 2022 жылы ипотекалық несие алушылардың құқықтары заңнамалық тұрғыда күшейтілді», - деді Н. Әбдірхаманов.

«Жалпы, агенттік әлеуметтік жағынан осал санаттағы қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша қосымша әрекеттерді іске асырып жатыр. Олар үшін 2015 жылдан бастап ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы ескерілген. Оның аясында қазірдің өзінде 9,5 мыңға жуық азаматтың қарызы бойынша ауыртпалығы жеңілдеді. Біз бұл бағдарламаны биылғы шілде айына дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы 967 мыңға жуық қарыз алушыға қосымша қаржылай қолдау жасамақпыз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қарызы жабылмаған адамдар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522