Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2424 10 пікір 2 Ақпан, 2023 сағат 11:42

ЕАЭО жиыны: Басшылар нені талқылайды?

Алматыда 2-3 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады. Іс-шараға ЕАЭО бақылаушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Бас хатшысы және Еуразиялық Даму Банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және Даму қорының басшылары шақырылды.

"Делегация басшылары Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелерін, соның ішінде ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуін, өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыруды, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды, техникалық реттеу мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылайды. Цифрлық күн тәртібіне, атап айтқанда, Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады",-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі департаменті "Одақ шеңберінде жаңа келісімдердің жобаларын - газдың ортақ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты және алкоголь нарығын реттеу туралы келісімді дайындауға ерекше назар аударылатынын" атап өтті,-деп жазды интерфакс.

 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1128
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2661
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 778
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 745