Сенбі, 23 Қараша 2024
1664 1 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 11:24

Түркістан облысындағы 15 елді мекенді су басып қалды

ТЖМ-ның 3 ақпандағы мәліметі бойынша, Түркістан облысында 15 елді мекенді су басқан. Бір тұрғын үй және облыстық маңызы бар жол учаскелері, көшелер, аулалар су астында қалды. 204 адам эвакуацияланды. 13 мың қап құм төселді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб отырысын өткізіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Қазіргі уақытта бес елді мекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында  су бұру жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 430-дан астам адам, 70-ке жуық техника, 43 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 201 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады.

Облыстық және республикалық жедел штабтар қызмет көрсетуде. Облыстық және республикалық жедел штабтар базасында «Жедел желі» телефоны ашылды.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы, қардың белсенді еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357