"Жоңғар" деп жүргеніміз кімдер?
Чоңқыр хандығы (чоң қыр – алып қырғыз деген мағынада) Ресей саясатымен тарихқа «Джунгар зандығы» болып енді. Джунгар мемлекеті халқы ойрат пен қырғыз дегендер болғаны мәлім (қырғыздар сол мемлекеттің әскері қызметін атқарғаны айтылады). Аталған мемлекет қазіргі Маңғолияға көршілес Байкал аумағында орнады, сол жерден күшейіп артынша ертеден қазақ халқы мекендеген қазіргі Маңғолия аймағын жаулап алғаны мәлім.
Тура сол заманда қазіргі Маңғолияның шығысында, оған көрші жатқан Манжурия аумағында қуатты Манжур (Цинь) мемлекеті пайда болды, оны билегендер манжурлық журжэн руы адамдары өздерін Шыңғысхан ұрпақтары деп таныды. Соған қарағанда олардың бір бөлігі, XIII ғасырдан Қытайды билеген, сосын XIV ғасырда Қытай елі билігінен айрылып, қуылған Шыңғысхан ұрпақтары тәрізді, өйткені Манжур (Цинь) империясын орнатушы адамның есімінде таза араптық «Нұр» сөзі кездеседі (Қытайды билегендерді XIV ғасырда өз көзімен көрген атақты арап саяхатшысы Ибн Батута олардың мұсылман түркілер екенін анық жазып көрсетеді). Шыңғысханның өз руы бөріжігі болғанымен, оның елі маңғыл тайпасы деп танылғаны мәлім, өйткені оның сенімді әскері ертеде Жужан қағанаты заманында Маңғыстаудан келген «маңғыл» тайпасы еді (сол маңғыл тайпасының атақты тайджут руы дұрысында адайжұрт руы болды). Маңжур атауының өзі сол маңғыл мен жүржан (жужан) атауларының «маң» мен «жүр» бөліктерінен Жүржан (Жужан) қағанаты заманынан қалыптасқан. Манжурлардың билеуші руы «журжэн» сол Жүржан-Жужан қағанатын билегендердің тікелей ұрпақтары және Шыңғысханда солардың ұрпағы. Маңжүрлердің бүкіл Қытайды басып алып Цинь атауымен мемлекет орнатуы, анығында Қытайды екі ғасыр билеген Шыңғысхан әулетінің билігін қайта қалпына келтіру еді. Осындай тарихтар себебімен Маңжүр билеушілері өздерін «маңғы ел» депте атаған дер едім, қазіргі «маңғол» атауы сол «маңғыел» атауынан қалыптасқан деу орынды.
Маңжүр билеушілері Қытай империясындағы ата-баба билігін қайта орнату үшін, алдымен қазіргі Маңғолия аумағын жаулап алған Джунгар (Чоңқыр) мемлекетін жою қажет екенін жақсы түсінді. Осындай себептермен Маңжүр мемлекеті мен Жунгар (Чоңқыр) мемлекеті арасында бітіспес соғыс орын алды. Сол соғыстар нәтижесінде Жунгар (Чоңқыр) мемлекеті жеңіліс тауып жойылды, қазіргі Маңғолия аумағы Манжур (Цинь) мемлекеті құрамына енді. Манжур мемлекетінің әскери күшін ертеден оларға бағынышты болған халха елі құрағаны белгілі факт (ілгеріде хидан деп аталған халық), сол халхалар Маңжүр әскері болып келіп қазіргі Маңғолия аумағына орнығып қалды. Оларды бастаған манжур билеушілер Шыңғысхан заманынан бар «маңғы ел» атауын қолданғанын және өздерін Қытайда «Шыңғысхандық билікті» қайта орнатушылар деп санағанын айттық. Осындай себептермен қазіргі Маңғолияға келіп орныққан халха еліде өзін «маңғы ел - маңғол» деп атап кеткен деу орынды. Ал осы жағдайларды өз қажеттеріне ұтымды пайдаланған Ресейлік иезуидтер Шыңғысхан елі халха-маңғолдар деген жалған тұжырымдарын орнықтырды (анығында Шыңғысхан елі болған маңғыл тайпасы Маңғыстаудан шыққан түркі-қазақы тайпа, ал қазіргі маңғол солардың атын жамылған халха деген өзге тілді халық).
Жунгар (Чоңқыр) мемлекетінің жеңіліс табуының бір себебі олардың ту сыртынан, солтүстік-батыстан Ресей әскерінің шабуылдары еді. Былайша айтқанда, сол соғыста Ресей әскері мен Манжур әскері одақтастай кейіпте болған. Біз білетін қазіргі қалмақ елі анығында Манжур әскері болған халха елінің бір бөлігі етін. Олардың сол соғыс кезінде қалайша өз елінен бөлініп қалғаны белгісіз, белгілісі, Ресей оларды апарып Ноғай мен Қазақ қатар мекендеген өлкеге отырғызғаны, осылайша жауынгер көшпелі халха-халмақ елін ноғай мен қазақ елдеріне қарсы күш ретінде қолдануға мүмкіндік алды және болашақта сол қалмақ елін «ежелгі Шыңғысхан әскері болып келген маңғолдардан қалыптасқан халық» ретінде көрсетуге ниеттері болған шығар (ол ойлары Ресей империясы жойылып Совет үкіметі орнағандықтан іске аспай қалған болар). Әліде болса сол иезуид тарихшылары (Русское Географическое Общества деген ұйым солар) қалмақ халқын ойрат-қалмақ деп сендіруге тырысады.
Жунгар (Чоңқыр) мемлекеті жойылғанда, оның негізгі халқы болған ойраттар Алтай тауына барып жан сауғалады, сол жерде ойрат елі болып сақталып қалды. Алайда қулығына құрық бойламас ресей иезуидтері оларды ресми түрде «алтай» деп ататқызды және шохындырып християн дініне енгізді. Қазір сол кешегі ойрат халқы баршамызға Алтай елі ретінде таныс, алайда ол халық өз атауының ОЙРАТ екенін әлі ұмытқан жоқ, осы фактіні елеусіз қалдырғысы келген ресей иезуидтері «алтай елінің бір тобы ғана өздерін ойрат деп атаған» деген түсінік орнықтырумен келеді. Сол ойрат-алтай елі адам аяғын тура қырғыздардай «бұт» дейді, жалпы екеуінің тілі бірдей деп түсінемін (хакас пен қырғыз сөздері ондай ұқсас деп ешкім айта алмайды). Ойраттардың манжурларға бағынған кей рулары болғаны түсінікті, олар қазір маңғол-халха елі құрамында ойрат руы болып танылады және ресей иезуидтері оларды Джунгар мемлекеті халқының «маңғол тілді» болғанына дәлел ретінде пайдаланады.
Ал Жунгар (Чоңқыр) хандығының әскері болған қырғыздардың үлкен тобы қазіргі Қырғызстанға ауып келіп, ондағы қазақтарды өздеріне сіңдіріп, мұсылмандық қабылдап, қырғыз деген халыққа айналды (қырғыздардың қазіргі отырған жеріне тек ХVІІ ғасырдың басында Маңғолиядан ауып келгенін ХІХ ғасырдағы ресей-франсуз тарихшысы А.Левшин анық деректермен көрсеткен). Қырғыздар таулы аймақтар арқылы қазіргі Қырғызстан аумағына жетіп, сол жердегі қазақ руларын басып алып өздеріне сіңдірген. Сосын сол жерде күш жинап көрші жатқан Қазақ еліне шапқан, атақты «Жоңғар мен Қазақ соғысы» анығында «таудан түсіп Қазақ еліне қырғидай тиген Қырғыз шапқыншылығы» болатын. Чоңқыр-Жоңғар хандығының халқы түркі тілді ойрат пен қырғыз болды, қазақ пен жоңғар еш тілмәшсіз өзара түсініскені баршаға мәлім.
Ойрат (Алтай) елі мен қырғыздар түркі тілді ұлттар. Сондықтан қазіргі қалмақ пен маңғолды жоңғарлардың туысы деу – өрескел қателік, қалмақ пен қазіргі маңғолдарды қазақ тілмәшсіз түсіне алмайды, өйткені екеуі де халха-хидан елінен. А.Левшин қалмақ елі жайлы өте құнды деректер береді, ол Манжур-Цинь империясы екі рет қалмақтарға арнайы елші жіберіп, оларды қайта Цинь империясы жеріне көшуге үгіттегенін жазады. Ақыры екінші келген шақыруды қалмақтардың бір бөлігі қабылдағанын, олардың қазіргі Қытай аймағына көшуі өте қиын болғанын, оларды жолда қазақ пен қырғыздар қырғынға ұшыратқанын, әсіресе қырғыздар аса қатыгездікпен қалмақтарға қырғын салғанын жазады (қазіргі қырғыздардағы буда дінді қырғыз-қалмақ деген ру сол қырғында құлдыққа түскен қалмақтардан қалыптасқан болар). Енді ойланыңыз! «Қалмақтар кешегі Джунгария ойраттары, Цинь империясы жоңғар елін тұқымымен жоқ етті» дейді Ресей тарихшылары. Қалмақ деген жоңғарлық ойрат болса Цинь империясы оларды «елге қайтыңдар» деп үгіттерме еді, Цин империясы ата жаулары болса олар сол үгітке сеніп Цинь империясына қайта көшеме????. Ақиқатты ғана мойындайтын ғалым тарихшылар осы фактілерді көре тұра «қалмақ кешегі жоңғар» дегенге қалай сенуі мүмкін!
А.Левшин қазақ пен қырғыз тарихын өз заманында терең зерттеген ғалым, ол орыс емес, ол Франциядан Ресейге көшіп келген адам. Оның еңбегі әуелі Европалық басылымдарда жарық көрген, оның еңбегін «цензорлық сүзгіден» өткізген Сенкевичтің «европашыл» көзқараста болғаны мәлім, сол себептен оның қазақтың шынайы тарихы жайлы жазғандарын («біздің бақытымызға орай») Ресей иезуидтері өзгерте алмай қалды. Олардың қолынан келгені Левшиннің еңбегін төмен бағалатып, оның жазғандарын «сенімсіз» деген ұғым қалыптастыру ғана болды. Соған сеніп қалған қазақ тарихшылары әліде А.Левшин еңбектеріне сенімсіз жазбадай қарауын қоймай келеді.
Бекжан Әденұлы
Abai.kz