Бейсенбі, 5 Наурыз 2026
Жаңалықтар 103 0 пікір 5 Наурыз, 2026 сағат 23:21

Таяу Шығыс және Қазақстан

Сурет: Ақорда сайтынан алынды

Ежелден сан түрлі мәдениеттер тоғысқан Таяу Шығыс бізге де жат емес. Бұл аймақтағы негізгі ойыншылармен бізді діни, тарихи, экономикалық, геосаяси мүдделер байланыстырады.

Израиль 1948-жылы 14-мамырда тәуелсіздігін жарияғалы бері аталған аймақтан тыныштық кетіп, күні бүгінге дейін әлемнің ыстық нүктесі болып келеді. Израиль билігі көптеген Араб елдерімен бейбітшілік келісімін жасасқанымен көршілес Ливанмен, Сириямен қатынасы әлі де жаулық пиғылда.

Израиль 1981 жылы АҚШпен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Бұл келісім Нзраильдың ғана емес, аймақтағы елдердің болашағына да әсер еткен тарихи оқиға болды. Ол кезде әлемдегі басты геосаяси ойыншы АҚШ пен құрамында бізде болған Кеңестер одағы еді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін АҚШ пен Израиль, аймақтағы өзге де елдермен тең қарым-қатынас орнатты. Соңғы онжылдықтарда Таяу Шығыс АҚШ, Ресей, Қытайдың ықпал ету аймағына айналды.

2020-жылы15-қыркүйекте сол кездегі Ақ үй басшысы Трамптың бастамасымен тарихтан келе жатқан Нзраиль мен Араб елдерінің ара қатынасын реттеуге бағытталған «Абраам келісімі» күшіне енді. Израильге сүнни бағыттағы бірқатар араб елдері түсіністік танытып, екі жақты әріптестікке қол қойылды.

Трамп президент сайлауында жеңілгеннен кейін, бұл келісім күшін жоймағанымен аяқсыз қалды. 2023-жылы 7-қазандағы ХАМАС қарулы тобының Израильге қанды шабуылынан кейін Таяу Шығыстағы бір мезеттік тыныштық қайта бұзылды. Сұрапыл соғысқа ұласты.

Трамп 2025-жылы Ақ үйге қайта оралғаннан кейін, Израиль мен өзге елдерді татуластыру миссиясын бірден қолға алып, бастамасын қайта жаңғыртты.

2025 жылғы 6 қарашада АҚШ пен Израиль Қазақстанның Орталық Азияның көшбасшысы ретінде «Aбраам келісіміне» кіретінін жариялады. Шындығында Қазақстан Израильмен 1992-жылы дипломатиялық байланыс орнатқан болатын. Сырт көздер бұл тарихи келісімді Қазақстан мен Израильдың бір-бірінен қашық жатқан ел екенін алға тартып "символдық қана мәні бар" деп сипаттағанымен бұл тарихи мәміленің екі ел арасындағы  сауда және басқа саладағы ынтымақтастықты ілгерлететіні даусыз еді.

АҚШ президенті Трамптың Газа қақтығысын реттеу, соғысты тоқтату бастамасы «Бейбітшілік кеңесі» деген үлкен одаққа ұласты. Қазақстан да Кеңесті қолдаған санаулы елдердің бірі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанның 19-да өткен Бейбітшілік кеңесінің Вашигтондағы алғашқы отырысына қатысып қайтты. Тың бастамалар көтерді.

Қазақстанның сыртқы саясатында елеулі оқиға болған «Абраам келісімі» мен «Бейбітшілік кеңесіне мүше болу» дипломатиялық үлкен жүріс. Көп векторлы саясаттың айқын жеңісі. Осылайша Қазақстан әлемнің ең ыстық нүктесі болып табылатын Таяу Шығыста ғана емес, өзгеде түйткілдерді бірге шешуге қауқарлы екенін көрсетті. Өзгелер санаспаса да санасатын Орта держава орнын нықтай түскенін анық байқаймыз.

Abai.kz

0 пікір