Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2319 0 пікір 6 Ақпан, 2023 сағат 12:46

4 пайыздық автонесие: Басталмай жатып аяқталды

4 пайыздық автонесие өтінімін қабылдауға арналған autonesie.kz сайтына бір минутта 125 мың адам кірген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі хабарлады.

«Платформа іске қосылған алғашқы минуттың ішінде autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірді», - деп жазылған мәліметте.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдаудың алғашқы легінде 761 адам өтініш бере алатыны айтылған болатын.

«761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгерді. Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталса, алғашқы минуттың шішінде 125 мың адам кірді», - делінген баспасөз хабарламада.

«Autonesie.kz жүктемені еңсеріп, өтінімдер пулының қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы тоқтатылды.

Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алма» жатты. Бұл сонымен қатар өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты», - деп жазылған ресми мәліметте.

Еске салсақ, жеңілдетілген несие бойынша көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімдерді Autonesie.kz сайты арқылы қабылдау бүгін сағат 10.00-де басталған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1124
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743