Иранда билігі жаппай рақымшылық жарияламақ...
Иранның рухани көшбасшысы аятолла Али Хаменеи қамаудағы "он мыңдаған" адамға, оның ішінде жақында үкіметке қарсы ірі акцияларда қамалған азаматтарға рақымшылық берді. Бұл туралы жексенбі күні елдің мемлекеттік басылымдары жазды.
Ақпаратқа қарағанда, рақымшылық 1979 жылдағы Ислам революциясының 44 жылдығына орай жарияланған.
"Бұл рақымшылықпен "шетелдік құрылымдардың пайдасына тыңшылық жасау", "шетелдік агенттермен байланыста болу", "әдейілеп адам өлтіру және жарақат келтіру", "мемлекеттік мүлікке зиян келтіру" айыптары тағылмаған азаматтар бостандыққа шығады" делінген.
Иранда үкіметке қарсы наразылық акциялар 2022 жылы қыркүйекте, орамалды дұрыс тақпағаны үшін қамауға алынып, полиция бөлімінде қаза тапқан 22 жастағы студент қыз Махса Аминидің өлімінен кейін басталды.
Үкімет бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан акцияларды шетелдік күштер қолдап жатқан "бүлік" деп айтып келеді.
Құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне қарағанда, наразылық басталғаннан бері Иранда 500-ден астам адам қайтыс болып, 20 мыңға жуығы қамауға алынған. Қаза болғандардың арасында жасы кәмелетке толмаған 70 бала бар. Бұдан бөлек акцияларға қатысқаны үшін бірнеше адамды дарға асты.
Abai.kz