Сенбі, 23 Қараша 2024
1603 0 пікір 7 Ақпан, 2023 сағат 11:46

Инфляция өршіп тұрған өңірлер аталды

Қаңтарда инфляция 1,1 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.

«Осы жылдың қаңтар айының қорытындысында инфляция 1,1 пайызды, оның ішінде азық-түлікке - 1,4, азық-түлік емес тауарларға - 0,9, ақылы қызметтерге 0,7 пайызды құрады. Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында - 2,2, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8, Ақтөбе облысында – 1,7, Ұлытау облысында 1,5 пайыз болды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан 1,7 пайызды құрап отыр. Апталық динамика +0,3, +0,4 пайыз болып қалыптасуда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4, Ұлытау облысында – 2,8 және Астана қаласында 2,5 пайыз деңгейінде байқалды.

«Тауарлар бөлінісінде жыл басынан ең жоғары өсім пиязға - 22,5, күрішке - 5,2, қырыққабатқа - 4,1, сүт және сәбізге - 3,1, картоп - 3, макарон өнімдеріне 2,6 пайызды құрды», - деді Серік Жұманғарин.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379