Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2281 0 пікір 8 Ақпан, 2023 сағат 14:39

Козачков Тоқаевқа тағы үндеу жолдады

Қамауда отырған журналист Михаил Козачков президентке тағы үндеу жолдады.

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мазалағаным үшін кешірім сұраймын. Мен журналист Михаил Козачков сізге жүгінемін. 18 желтоқсан күні жасамаған қылмысқа күдікті ретінде қамалдым. Бірақ бүгін мен басқа нәрсе туралы жазғым келеді. Менің болжамды қылмыстарымды тергеумен Қаржы мониторингі агенттігінің жедел-тергеу тобы айналысады. Өкінішке қарай, ҚМА қызметкерлері менің құқықтарымды жиі бұзатыны сонша, олардың әрекеттері туралы сізге шағымдануға мәжбүрмін”, – деп жазды Козачков.

Оның айтуынша, ол ұсталған күні және үйді тінту кезінде де адвокат болмаған.

Агенттік қызметкерлері Козачковтың балаларының компьютері мен планшетін тәркілеген. Бұл балалардың білім алуына кері әсерін тигізгенін айтады.

“Мен екі апта болған тергеу изоляторының камерасынан радио микрофон таптым, тіпті түрмеде отырғанда да мен үнемі бақылауда боламын деген ойға келдім. ҚМА қызметкерлері менің әпкелеріме тінту жүргізген. Олардың біреуі куәлік беруден бас тартқанына қарамастан, жауап алынды”, – деп жазды ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1100
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733