Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
2385 0 пікір 9 Ақпан, 2023 сағат 12:54

Қазақстан Сирияға көмек жібермек

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады, деп жазды Ақорда.

ТЖМ басшысы президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 797
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 768