Алматыда еркін күрестен VI жазғы Спартакиада аяқталды
Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы Алматыда еркін күрестен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының қалған бес салмақтағы чемпионы мен жүлдегерлері анықталғанын хабарлайды.
Осымен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасында балуандар бәсекесі аяқталды. Бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінен чемпиондар мен жүлдегерлер анықталған болатын. Енді міне, грек-рим күресінен жалпы есепте Шымкент қаласы топ жарса, Жетісу облысы екінші орын алды. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының балуандары түйіндеді. Ал әйелдер арасында Алматы облысының балуандары жалпы есепте көш бастады. Одан кейін Ақмола мен Түркістан облысының спортшылары жайғасты.
Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сағадиев Спартакиадада балуандар лайықты деңгейінде өнер көрсеткенін айтты.
Ұлттық құраманың барлық балуаны дерлік күресті. Таңғалдырған ешкім болған жоқ. Бәрі бір-бірін жақсы біледі. Осыған дейін 53 келіде сынға түскен Эллада Махяддинова Олимпиада бағдарламасына кіретін 50 келіге ауысып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Енді оқу-жаттығу жиынын өткізіп, наурыз айында өтетін Азия чемпионатына аттанамыз, – деді ол.
Енді оқырманның назарына қалған бес салмақтағы чемпиондар мен жүлдегерлерді ұсынамыз:
61 кг:
1.Нұрболат Абдуәлиев (Түркістан облысы)
2. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы)
3. Асылжан Есенгелді (Түркістан облысы), Владимир Кудрин (Ақмола облысы)
70 кг:
1. Санжар Досжанов (Астана)
2.Егор Анчугин (Алматы қаласы)
3. Мейіржан Аширов (Жамбыл облысы), Досжан Әсетов (ШҚО)
79 кг:
1. Болат Сақаев (Атырау облысы)
2.Нұрдәулет Қуанышбай (Жамбыл облысы),
3. Жігер Закиров (Алматы облысы), Дәулет Ергеш (Жамбыл облысы)
92 кг:
1. Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)
2.Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар облысы)
3. Нұрдәулет Бекенов (ШҚО), Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана)
125 кг:
1. Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы)
2. Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)
3.Омар Эюбов (Алматы облысы), Талғат Жиентаев (Қостанай облысы)
Жалпы есепте Жамбыл облысының балуандары бірінші орын алса, Астана қаласының спортшылары екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Павлодар өңірінің еркін күрес шеберлері түйіндеді.
Abai.kz