Түркияда екі қазақстандық зілзаладан көз жұмды
Түркиядағы Хатай қаласындағы үйінді астынан екі қазақстандық: Әділ Қадырбеков пен Мирболат (Мирус) Құрмашевтің денесі табылды.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирболат Құрмашевтің Түркияда жоғалып кеткені хабарланған еді.
Жер сілкінісінен кейін Мируспен байланыс үзілген. Кейін Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Оның ішінде Сабина Мамадьярова аман табылды. Үшінші адам - Түркия азаматы да мерт болған. Қазір Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 19 мыңнан асты.
Abai.kz