Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2522 1 пікір 13 Ақпан, 2023 сағат 12:16

Екібастұзда тағы да жылу жоқ

Екібастұзда жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты тұрғындар тағы жылусыз отыруға мәжбүр, деп жазды Ulysmedia.kz.

«Екібастұзжылуэнерго» компаниясы қаладағы кейбір нысанға жылу берілмейтінін мәлімдеді.

Биыл 13 ақпанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Әлия Молдағұлова көшесі, 102-де жылу желісі жоспарға сәйкес жылудан ажыратылады, - деп жазылған хабарламада.

Компания мәліметінше, жұмысшылар ілмекті арматураны бөлшектеп, құбырды жуып-шаяды.

Айта кетейік, бұдан бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұз тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды жүктеді. Сонымен қатар жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Көп ұзамай «Павлодарэнерго» АҚ  басшылығы Екібастұз қаласын жылумен тұрақты қамту проблемасы жылыту маусымы аяқталғанға дейін шешу мүмкін болмайтынын мәлімдеді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1101
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733