Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 2896 6 пікір 14 Ақпан, 2023 сағат 15:36

Нығматулин қызметінен қалай айырылды?

"Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабын жазған Жақсыбек Құлекеев Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің қаңтар оқиғасынан кейін неліктен орнынан кеткенін түсіндіріпті.  

Arbat.media-ның жазуынша, автор биліктегі бірқатар тұлғаларға тоқталып өткен. Солардың бірі ірі шенді – Нұрлан Нығматулин. Оның қайғылы оқиғадан кейін арада үш апта өткенде қызметінен кетуі себебін Жақсыбек  Құлекеев басқаша түсіндірген.

«1 ақпанда еліміздегі ең ықпалды саясаткерлердің бірі Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметінен кетіп, оның орнына бұған дейін Президент Әкімшілігін басқарған Ерлан Қошанов келді. Ал Ерлан Жақанұлының орынтағына Мұрат Нұртілеу жайғасты. Экс-президент Н.Назарбаевтың туыстары жоғары лауазымды қызметтерден кетіп жатқан кезде Нұрлан Зайроллаұлының орнын босатуы әркім әртүрлі түсінді. Экс-төрағаның «оқшантайдан» түсіп қалуына не әсер етті?», - депті автор.

Нығматулиннің қызметінен қоштасуына қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекеті себеп болған көрінеді. Ол елде болып жатқан тәртіпсіздіктерді көре тұра, аузын буған өгіздей отыра берген. Тек оқиғадан кейін билік толығымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына өткенде ғана ойын қысқаша жеткізген.

«Қаңтар дүрбелеңі басталғанда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір емес, бірнеше рет халықты сабырға шақырып, мәлімдеме жасағаны есте қалды. Ал сол кездегі Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулиннің дауысы естілмеді. Тек Қасым-Жомарт Тоқаев билікті толықтай қолына алған кезде, яғни, 10 қаңтар күні ол "еліміз үшін күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық шешімдері мен батыл қадамдары бірегей және уақытылы" дегенді айтты», - деп жазады Жақсыбек Құлекеев.

Қаңтар оқиғасында және одан кейін көптеген саяси қызметтегі тұлғалар лауазымынан айырылды. Олардың арасында Үкіметтің бұрынғы басшысы Асқар Мамин, Алматы қаласының сол кездегі әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов, Қорғаныс министрі болған Мұрат Бектановтың есімі аталды Бұлардың соңғы екеуі бірден қамауға алынды.

Ал Нығматулин 1 ақпанда қызметімен кетуімен қатар, сол жолы жиында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғыс айтқан болатын.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502