Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2432 0 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 13:13

Оңтүстік Корей Солтүстік Корейді "дұшпан" деп атады

Flags of South Korea and North Korea painted on cracked wall background/South Korea versus North Korea conflict concept

Оңтүстік Корея алдағы екі жылға арналған қорғаныс бағдарламасында Солтүстік Кореяны "дұшпан" деп атады. Сеул соңғы алты жылда бірінші рет Пхеньянды осылай атап отыр.  

"Солтүстік Корея үнемі бізге қауіп төндіріп, ядролық бомбасынан бас тартпай келеді. Сол себептен Солтүстік Корея үкіметі мен армиясын біздің жауымыз деп атаймыз", - делінген Оңтүстік Кореяның қорғаныс бағдарламасында.

Құжатта Пхеньянның ядролық бағдарламасы қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіріп келеді деп жазылған. Бұдан бөлек Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын былтыр желтоқсан айында Оңтүстік Кореяны "дұшпан" деп атағанын атап өткен.

2022 жылы Солтүстік Корея бірнеше рет зымырандарын сынақтан өткізді. Бұған жауап ретінде Оңтүстік Корея Жапония және АҚШ-пен бірлесіп әскери мүмкіндігін күшейтіп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1201
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2725
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 856
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 810