Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2143 0 пікір 22 Ақпан, 2023 сағат 18:56

Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы баспасөз картасының артықшылығын айтты

Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев баспасөз картасын енгізудің қандай артықшылығы бар екенін айтты.

«Масс-медиа туралы заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде көптеген пікір мен ұстаным айтылуда.

Баспасөз картасына қатысты әртүрлі түсіндірмелер бар. Баспасөз картасы - журналистердің мүдделерін қорғауға арналған. Әрине, пресс-картаны алудың қажеті жоқ, бірақ кім пресс-картаға ие болса, оның ерекше мәртебесі болмақ. Бұл бірқатар мүмкіндікке жол ашады, оның ішінде елдегі ұйымдар, әсіресе, мемлекеттік ұйымдар қолжетімді болады. Былайша айтқанда,  журналистер үшін белгілі бір пайдасы бар. Бұл картаны бүкіл журналистер міндетті түрде алудың қажеті жоқ. Баспасөз картасын алмақ-ақ қызметін өзгелермен бірге  жалғастыра алады. Алайда, баспасөз картасын алу арқылы белгілі бір мүмкіндіктерге ие болады», - деді қауымдастық төрағасы.

Бұған дейін  Кемелбек Ойшыбаев аталған заң жобасына қатысты қызу талқыға түсіп жатқан бірнеше мәселе барын атап, заң жобасына әлі де түзетулер енгізуге болатынын айтқан болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339