Жұма, 22 Қараша 2024
Бетбұрыс 2409 4 пікір 27 Ақпан, 2023 сағат 10:49

The New York Times: Байден мен Зеленский дос па?

Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы басталғалы АҚШ президенті Джо Байден мен Украина көшбасшысы Владимир Зеленскийдің қарым-қатынасы қалай өзгерді деген сұраққа New York Times басылымы жауап беріп, мақала жариялапты.

Соғысқа бір жыл толғанда Байденнің Зеленскийге деген көзқарасы өзгерді, ол 2022 жылдың ақпанында Украина президентінің «Ресей қысымына» төтеп бере алатынына сенбеген.

Америкалықтар Зеленский қаза табады, не қуғынға ұшырайды деп ойлаған. Сондықтан олар Зеленскийге Киевтен кетуге ұсыныс жасайды. Украина көшбасшысы бұл ұсынысқа керісінше «ашуланады». Ал Байденге Украина президентінің барған сайын көп қару сұрай бастағаны ұнамады.

2022 жылдың жазында Байден Зеленскийге қоңырау шалып, 1 миллиард доллар бөлінетінін хабарлады.

«Соғысқа бір жыл толғанда Америка президенті Зеленский туралы ойының қате болғанына қуанды және оның «жай ғана комик» емес екеніне сенді»,-деп жазыпты басылым.

Соңғы айларда Америка-Украина қарым-қатынасы нығая түскен. Зеленский жаңа жылда Вашингтонға сапарлады.

NYT хабарлауынша, 20 ақпанда, Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл толғанда Байденнің Киевке сапары Америка президенті мен Украина президентінің тіпті жақын достығын көрсетті.

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Джон Хербст: «Алғашында екі елдің қарым-қатынасы қиын еді. Қазір де құбылмалылық бар, дегемен жақсы деп бағалауға болады»,- деп пікір бірдірген. Ол сондай-ақ Байденнің әкімшілігі әлі де «украиналықтардың алғысына риза емес» дегенді айтқан.

Басылымның жазуынша, Байден мен Зеленский бір-біріне тең емес саясаткерлер. Бірі – кезінде теледидарда президент рөлін ойнаған, бірақ ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген 45 жастағы сатирик, бірі – Зеленский туғанша бес жыл бұрын Сенатта ант берген 80 жастағы саясаткер.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299