Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3903 0 пікір 5 Сәуір, 2013 сағат 05:55

Мархабат Байғұт: «Шынымды айтсам, Алматы арманым еді...»

- Деревняда тұрып, ұлылықты алтын тәжін басына қондырған әлемдік деңгейдегі қаламгерлерді тарихтан білеміз. «Мархабаттың басқалардан артықшылығы - ол өз кейіпкерлерінің қалың ортасынан алыстаған емес» дейді жазушы Дулат Исабеков. «Алматы - әдеби орта» деп үлкен қалаға ағылған көп қаламгерге ермей, шалғайдағы Шымқалада тұрақтап қалуыңызға не себеп?.. Жалпы, сіз «әдеби орта» дегенді қалай түсінесіз? Осы орайда, қаламдас достарыңызды, мойындайтын қаламгерлеріңізді әңгімелесеңіз.

- Былтырғы күзде «Егемен Қазақстан» газетінде бір бетті тұтастай алып, «Аға-досқа арзу хат» деген дүнием жарияланды. Дара драматург, жауһар жазушы Дулат Исабековке арнаған хатым. Газеттегі әріптестеріме рахмет, бір сөзіне, тіпті, үтір-нүктесіне тимей, түгел жариялады. Сізге де рахмет, менің аға-досымның айтқанын келтіріп отырсыз. «Шыңдағы Шерағаң» деген дүнием де сол хаттан сәл ғана бұрын шыққан. Шерағаңа аздап-аздап наз-базынамды келтірген ем. Түйдей құрдасым Темірхан Медетбекті тартқандайын, «шекпеніңізге» шақырмадыңыз уақытысында дегендейін. Шынымды айтсам, Алматы арманым еді. Ауру анама, бұғанасы қатпаған бауырыма қарайлап, қап қойдым. Кейініректе ауыл-ауданымнан, сонсоң осыдан он үш мың жыл бұрын Наурызыңыз тұңғыш рет тойланған қасиетті Қазығұрттың бауырындағы Шымкентімнен шыққым келмеді.

- Деревняда тұрып, ұлылықты алтын тәжін басына қондырған әлемдік деңгейдегі қаламгерлерді тарихтан білеміз. «Мархабаттың басқалардан артықшылығы - ол өз кейіпкерлерінің қалың ортасынан алыстаған емес» дейді жазушы Дулат Исабеков. «Алматы - әдеби орта» деп үлкен қалаға ағылған көп қаламгерге ермей, шалғайдағы Шымқалада тұрақтап қалуыңызға не себеп?.. Жалпы, сіз «әдеби орта» дегенді қалай түсінесіз? Осы орайда, қаламдас достарыңызды, мойындайтын қаламгерлеріңізді әңгімелесеңіз.

- Былтырғы күзде «Егемен Қазақстан» газетінде бір бетті тұтастай алып, «Аға-досқа арзу хат» деген дүнием жарияланды. Дара драматург, жауһар жазушы Дулат Исабековке арнаған хатым. Газеттегі әріптестеріме рахмет, бір сөзіне, тіпті, үтір-нүктесіне тимей, түгел жариялады. Сізге де рахмет, менің аға-досымның айтқанын келтіріп отырсыз. «Шыңдағы Шерағаң» деген дүнием де сол хаттан сәл ғана бұрын шыққан. Шерағаңа аздап-аздап наз-базынамды келтірген ем. Түйдей құрдасым Темірхан Медетбекті тартқандайын, «шекпеніңізге» шақырмадыңыз уақытысында дегендейін. Шынымды айтсам, Алматы арманым еді. Ауру анама, бұғанасы қатпаған бауырыма қарайлап, қап қойдым. Кейініректе ауыл-ауданымнан, сонсоң осыдан он үш мың жыл бұрын Наурызыңыз тұңғыш рет тойланған қасиетті Қазығұрттың бауырындағы Шымкентімнен шыққым келмеді.

Біздің жылы жақта кезінде Нәсіреддин Серәлиев, Қарауылбек Қазиев сынды қаламгерлер әдеби орта жасай білді. Солардың ізгілік іздерін өшіріп алмау үшін өршелендік біз-дағы. Нәкең мен Қаракеңдердей басымыздан сипайтын, арқамыздан қағатын мұхтартанушы ғалым, әдебиетші Керімбек Сыздықұлы бақилық болғалы, «жылы жақтағы жалғызым» дейтұғын жалғыз құрдасым Жәлел Кеттебек «ғарыш жаққа кеткелі» әдеби ортамыз жүдеп-жадап қалды. Шығыс жұлдыздарының бірі Әлішер Науаи «Ең адал, сенімді, сатпайтын досың - жақсы кітап» деген ғой. Сондықтан, негізгі «әдеби ортаңыз» жақсы кітаптар, өз кітапханаң шығар. Тым «кітабиланып» кеткенде Дулат Исабеков меңзеген кейіпкерлеріңе барасың.

- «Әдебиет - ардың ісі...» «Таза көркем шығармамен айналыссаң, аштан өліп қалуың да мүмкін» деген сөзіңізді оқығаным бар бір сұхбатыңыздан. Бұл қоғам мен қаламның арасы алшақтап кеткенін айғақтайтындай... Әдебиетсіз өркениетке қадам басу, бәсекеге қабілетті қоғам құру мүмкін бе?

- Қазақстан жағдайында қаламақыны шешуге әбден мүмкін еді. Енді шешілмейтініне әбден көзіміз жетті ғой. Әдебиетіңізге келгенде, қоғамыңыздан қуат, адамыңыздан ұят қашып сала беретіні жасырын емес. Халқы жиырма бес миллионға жетпейтін мемлекетте көркем әдебиетке нарықтың (рынок) заңдары жүрмейтінін түсінбей қойды ғой түсінуге тиістілер. Бәрібір, жанкешті жазушылар жазады, тәуелсіздіктің ертеңі үшін жанпидаға баруға да әзір. Өркениетке жетер жолда көркемниетті қазақ ұлты көркем әдебиетсіз қалмақшы емес.

- Аға буынның тарапынан «Әдебиетке құбылыс әкелетін дүниелер жазылмай жүр» деген пікірді жиі құлағымыз шалады. Кеңес заманындағы қазақ қаламгерлердің еңбегіне, шығармашылығына ешкім дау айта алмас. Цензураға дес бермей, сол қоғамның шындығын астарлап болса да оқырманына ұғындырған олардың қаламында ерлік бар-тын. Сіздің пікіріңізше, бүгінгі прозаның деңгейі қандай? Қоғам мен қалам жатбауырлау кезеңде таңдай қақтыратын дүниелер әкелу мүмкін бе? Өзіңіз не жазып жүрсіз?

- Осыдан жүз жыл бұрын Америкаңызда да «құбылыс саналатындай көркем шығармалар жазылмай жатыр, заманауи заңғар романдар туатын кез қашан келеді» деген уайым қалың болғанын байқайсыз. Кесек полотнолар, кезеңдік көркем романдар жоқ деген пікірталастар ондаған жылдар бойы жүріпті. Бізде дәл қазір солай боп тұр-ау. Бірақ Төлен Әбдікұлы, Тынымбай Нұрмағамбетов, Таласбек Әсемқұлов, Несіпбек Дәутайұлы, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай, Әлібек Асқаров, Нұрғали Ораз, Қуаныш Жиенбай, тағы да басқа талай-талай прозашылардың романдары, повестері мен әңгімелері, бір топ жас өскіннің тырнақалды туындылары тұрғысынан қарасаңыз, жаман емес сияқты.

Өзім қазір ойланыңқырап жүрмін. Немерелеріме сүйкімді көріну үшін майда-шүйде жұмыстармен айналысамын. Негізгі жазуымның қалыңқырап қоятынына күрсінемін... Кейде күлемін...

- Сын. Әдебиеттің өркендеуіне зор септігін тигізетін сынның бүгінгі ахуалы сын көтермей тұрған сыңайлы... «Бүгінгі әдебиетте сын жоқ. Сақаңдардың (Сағат Әшімбаев) дәурені өткен» дегенге қалай қарайсыз?

- Сын жоқ дей алмаймын. Айгүл Ісмақова, Бақыт Кәрібаева, Құлбек Ергөбек, Әмірхан Меңдеке, Бақыт Сарбалаұлы, Амангелді Кеңшілікұлы, сондай-ақ, соңғы жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде әдебиетіміздің мәністі мәселелерін ғылыми тұрғыдан тереңірек қозғап жүрген бір шоғыр әдебиетші ғалымдар бар. Бәрін атау мүмкін де, міндет емес. Әдеби үдеріс жүріп-ақ жатыр.

Әрине, сындағы күйшіліңіз Төлеген Тоқбергеновті, сындағы сыршылыңыз Сағат Әшімбаевты, сындағы сырбазыңыз Зейнолла Серікқалиевті аңсайсыз. Айтпақшы, жаңағы Америкаңызда да жүз жыл бұрын сын жоқ, сыншы қалмады дескен екен. Есесіне жазушылардың бәрі дерлік шетінен сыншы боп кетпесе-дағы, сыншылардан бетер талдама сын еңбектерді «еңіреткен».

- Әңгімелеріңіз бен прозаларыңызды оқырман жоғары зейінмен қабылдады, шығармаларыңыздың шоқтығы биік. Біраз жылдардан бері журналистикаға ден қойып жүрсіз. Қазіргі қазақ журналистикасына не жетіспейді? Аға буын ілгеріде қазақ баспасөзінің беделді болғанын, бүгінгі БАҚ ақпараттанып кеткенін, көркемдік кемшін екенін айтады...

- Қазіргі қазақ журналистикасында да көркем әдеби сынымыздағыдай шынайы талдама жағы кемшін секілді. Журналистік зерттеу-зерделеу мен тағылымды талдауды айтып отырмын. Журналистік жауапкершілік, жазу мәдениеті, тілге, пікірге деген зияттылық, этика, әдеп дегендер жазылмаған заң еді.

- «Южанин феномені». Оңтүстіктіктер өзге шаһарға тез бауыр басады. «Астана мен Алматыда тас лақтырсаң, шымкенттікке тиеді» дегенді біреулер ашынып, айтады, біреулер мақтанып айтады. Оңтүстіктен қанат қаққан өнер иелері көп-ақ және бір-біріне ниеті бөлек. Негізгі білгім келгені, өзіңіз ортасында отырған бауырларыңыздың қай мінезіне марқаясыз, қай мінезіне көңіліңіз толмайды?

- Осыдан он сегіз жыл бұрын республикалық бір газет мына бізге: «Астананың Арқаға, Ақмолаға көшірілгенін қолдайсыз ба? Егер қолдасаңыз, 2005 жылдарғы астананы қалай елестетесіз?» деген сұрақ қойған. Біз «2005 жылдары әрбір алты балконның төртеуінен Шымкенттің «шыли», «жүдә» дейтін сөздері естіліп тұрар. «Әй, ояққа ойнамаңдар, бұяққа ойнаңдар. Тү-у, колбасаны жүдә, шыли көп алыпсың ғой. Өлә-ә, мен жұмыстан кешігетін болдым» дегендей дауыстар шығар» деп жауап бергенбіз. Шамамен, әрине. Кейін кейбір басылымдар елордада сіз айтқандай, «южаниндер» көбейіп кетті деп мысқылдап, Атыраудың бір газеті: «Атыраудағы алты бастықтың бірі шымкенттік» деп жазып жүрді. Оларға жауап ретінде «Егемен Қазақстанда» «Шымкенттің барына шүкір дейік» (Сырбай ақынның сөзінен ғой), «Көктем де Оңтүстіктен басталады» (Сабырханнан) деген тақырыптармен мақалалар жарияладық. Астана мен Алматыда ғана емес, Ақтөбе мен Атырауда да, Қостанай мен Өскеменде де «тас лақтырсаң, шымкенттікке» тиюі тиіс. Заңды. Себебі, бұрын әрбір алты қазақтың біреуі Оңтүстікте (яки Шымкентте) туатын. Қазір әрбір бес қазақтың біреуі осында кіндік кеседі. Демек, Қазақстанның қай қаласында да, даласында да әрбір бесінші қазақ - осы Оңтүстіктен, яғни шымкенттік бола бермек. Жоғарыдағы мақалаларымда да мен осыны дәлелдеген болдым. Астанаңызда да, Атырауыңызда да,  Ақтөбе, Қостанай, Өскеменіңізде де алты бастықтың бірі шымкенттік, алты орынбасардың бірі шымкенттік болса, таңданбаңыз. Қайта қуаныңыз. Қазақтың қай жақтан болса-дағы, көбейгеніне шаттаныңыз. Қараңыз, елордаңыздағы әрбір алтыншы депутат та осы Оңтүстіктен болуы керек. Кеденшіден, кетпеншіге дейін солай. Астананың құрылысын салып, көшесін сыпырып, еденін жуып жүргендер де негізінен шымкенттіктер. «Шымкент» дейтін кафеңіздің де көжесі дәмдірек. Деңкіреп жазғанбыз. Енді «алтыншы» дегенді «бесінші» деп өзгертпек керек. Шымкенттіктердің көбейгеніне шапшымау да, апшымау да, ашынбау да - абзал қасиет. Демографиялық жағдайды тереңірек түсінген жөн.

Ал, енді сауалыңыздың соңғы жағына келсек, шымкенттіктердің бір күнде бірнеше мәрте кездессең де: «Ассалаумағалейкүм» деп қол ұсынатын арсалаңдаған ақжарқындығына, жылуарлығына, ашықтығына, ақжүректігіне, ең бастысы еңбексүйгіштігіне марқаямын. «Беретінін бермесең...» дейтұғын дерттің дендеп, менменшіл тоғышарлықтың меңдеп кеткеніне мұңаямын.

Әңгімелескен Асхат РАЙҚҰЛ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594