Мәдениет саласындағы мәселелер талқыланды
Астана қалалық мәслихатының депутаттығына «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша ұсынылған Светлана Айтбаева мен Ерлан Дәкенов Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қызметкерлерімен жүздесті.
Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева 2007 жылдан бері партия құрамында екенін айта келе, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында биыл 300-ден аса мәдениет нысананын салу жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ мәдени нысандарды жаңғырту мен сала мамандарының жалақысын арттыру, баспанамен қамту мәселесін көтерді.
«AMANAT» партиясы халықтың сеніміне сүйене отырып, барлығын Әділетті Қазақстанды құру идеясы шеңберіне бірігуге шақырады. Бұл – сайлаушылар аманатын орындайтын, халық үнін еститін партия. Мен партияға сенемін. Сіздер де сеніңіздер! Барлығыңызды сайлауда күтемін», – деді С.Айтбаева.
Мемлекеттік академиялық филармония директоры Ерлан Дәкеновтың айтуынша, «AMANAT» партиясы кәсіпкерлік бастамаларын қолдау шеңберінде әрбір 10 мың халыққа кемінде 100 жаңа жұмыс орнын ашуды мақсат көздейді.
«Өңдеу өнеркәсібінің үлесін 10%-ға арттыру, мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларда көзделген мемлекеттік қолдау шаралары есебінен 300-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жаңа бастаушы кәсіпкерлерге жыл сайын қолдау көрсету, 3000 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарда тұр. Басты мақсат – Астананы бәсекеге қабілетті қалаға айналдыру, экономиканың негізгі салаларының базасында жұмыс орындарын құру», – деді Ерлан Дәкенов.
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.
Abai.kz