Оңтүстік аймақта тағы да жер сілкінісі сезілді

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жер дүмпулері жиіледі. 23 наурыз түнде Шымкент, Тараз және Түркістан облысының жергілікті тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Құтқарушылардың жедел ақпараты бойынша, жер сілкінісі 2-3 баллға тең. Жер асты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 02:07-де тіркелген. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат болған жоқ.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 6.5. 101 және 112 желілерінде зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады Шымкент ТЖБ.
Жергілікті тұрғындар Шымкент қаласының орталығында да, қала сыртында да дүмпулерді сезіп, көпшілігі үйінен шығып кеткен.
Тағы бір жер дүмпуі таңғы 06:27-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 724 км жерде орын алды. Оның магнитудасы – 4.4.
Abai.kz