Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 1833 0 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 14:12

Апаттан арылмаған Риддер: ЖЭО-да жарылыс болды

23 наурызда Риддер ЖЭО-да кезекті апатты жағдай орын алды. Жарылыс нәтижесінде шамамен 80 шаршы метр аумақты қоршап тұрған конструкциялар қирады

«2023 жылғы 23 наурызда сағат 07.50-де Риддер ЖЭО № 6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы пайда болды. Жарылыс толқыны шамамен 80 м. шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13-00-де қалпына келтірілді.

Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады»,-деп жазды энергетика министрлігі.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандықтың 2-і жұмыс істейді. Қалған 4 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу желісінің температурасы 70/46 градус графикте 45/35 градусты құрайды.

22 мыңнан астам отбасы жылынып отырған Риддер жылу электр орталығы жылыту маусымы басталған қазаннан бері апат жағдайында жұмыс істеп келеді. Бірнеше рет өрт шықты.

Осыған байланысты былтыр жыл соңында қалада жергілікті деңгейде төтенше жағдай енгізіліп, үш айдан соң алып тасталған. Қаңтардың аяғында орталыққа жаңа инвестор келді, бірақ баяғы жартас сол жартас күйінде қалды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, станция жұмысы оның бұрынғы иесінің «салғырттығынан» нашарлаған.

2022 жылдың қарашасында Риддерде апат болғаннан кейін, ШҚО прокурорлары тексеру жүргізген. Нәтижесінде 240-тан астам астам заңбұзушылық анықталып, орталықта 548 миллион теңге мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болған. Қазір ЖЭО-ға 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының хабарлауынша, 63,3 млн теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтелген. Бұған қоса, 1 сәуірден бастап, 2024 жылдың 31 наурызына дейін халыққа жылу мен жарық тарифі 18%-ға төмендетілетін болды.

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373