Жұма, 22 Қараша 2024
2199 5 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 15:07

«Билікке жаңа адамдар келуі керек»

Әлеуметтанушы Бақыт Әлмұратов Парлмент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау барысы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тараз қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Сондай-ақ №19 сайлау учаскесінде байқаушылар қатарында отырдым. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық немесе халықтың тарапынан наразылық байқамадым. Дауыс беруге келгендердің барлығы өз еркімен келіп, өзі таңдаған үміткерге немесе «барлығына қарсымын» бағанын таңдап дауыс беруге мүмкіндігі болды.

Дегенмен биылғы сайлаудағы халықтың белсенділігі әлдеқайда төмен болғанын бәріміз байқадық. Өзім байқаушы болып отырған  сайлау учаскесінде 2700 сайлаушыдан 390 ғана сайлаушы келіп дауыс берді. Бұл тым төмен көрсеткіш екені айтпасада түсінікті.

Бұның бір себебі, сайлауға түсіп жатқан үміткерлер сайлаушылардың көңілінен шықпаған. Билікке неғұрлым жаңа адамдар көп келсе, соғұрлым жаңалық пен өзгеріс көп болатынына сенемін. Ал сайлаудың әділ өткен, өтпегеніне байланысты әлеуметтік желіде сынаушылар көп. Әрине, саяси науқан болғандықтан сынның болатыны белгілі, - деді Бақыт Әлмұратов.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315