Жұма, 22 Қараша 2024
1543 0 пікір 27 Наурыз, 2023 сағат 13:42

Күдебаевтың соты тағы да шегерілді

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

10 наурызда Күдебаевқа сот үкімі шығуға тиіс болған. Алайда сотталушының сот отырысына келе алмауына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Содан кейін сот үкімі 20 наурызда шығады деп хабарланды.

Алайда сот процесінің кейінге шегерілгені белгілі болды. Оған нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322