Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3704 0 пікір 19 Сәуір, 2013 сағат 09:10

Өрт сөндірушілер: «Жемқорлар – ұрылар, ал біз – еңбекерлерміз!»

Астаналық жұмыссыз қалған   өртке қарсы 66 маманға қатысты дау толастар емес. Бала-шаға үшін әрі қылмыскер әрі жұмыссыз болған олар бүгін пикетке шығып бой көрсетті. Олар: «Жемқорлар - ұрылар, ал біз - еңбекерлерміз!» деген ұранмен өздерінен ең болмаса қылмыстық бапты алдырып тастауды талап етуде. Өрт сөндірушілер бұрынғы қызметтеріне қызығып та отырған жоқ, себебі, онда қызығатындай нәрсе шамалы. Жуырда ғана зейнетке шыққан бір өрт сөндіруші өзінің зейнетақысы 30 мыңға жетпейтінін айтады. Ал, маманданған өрт сөндірушілер былтыр осы қызмет үшін аттестациядан ебіл-себіл болып өткені бар, енді биыл айлығы шайлыққа жетпегендіктен қосалқы жұмыс істеуге мәжбүр болып, ақыры сол жұмыстан айырылып қалды.

Бұл жағдай Қаржы полициясы Астана қаласының өртке қарсы қызмет бөлімшелерін тексеруден кейін орын алды. Заң бойынша өрт сөндірушілер мемлекеттік қызметке жатады да олар екінші жұмыс істеуге құқылары жоқ. Ал, бірақ мемқызметке тән бұлар оның рахаты мен құқығын көру жазбаған - төтенше жағдайлар саласы әлеуметтік жағынан құқық қорғау қызметінің саласына жатқызылыпты. Мереке сайын, демалыс күндері күшейту деген күшену режимімен жұмысқа шақыратыны бар, тіпті, бұлар құқықорғау қызметіне де атсалысып, ереуілдерді басып-жаншу бөлімшесінің де рөлін атқаратындығы қарастырылғаны жасырын емес. Ендігі жағдайлары мынау. Сөйтіп, міндеті мемлекеттік, ал жағдайы жайсыз әскери қызметке татитын бұл сала мамандары жапа шегіп, енді мемлекеттік қызметке де алынбайтын баппен жұмыстан қуылып отыр.

Қайрат Тұрашев есімді өрт сөндіруші  өзінің  бұдан басқа қызметке маманданбағанын, мемлекеттік қызмет бабымен мансап ойластырып жоспарлағанын, ақыры мынандай жағдайға тап болғанын айтты. Сонда заңда нағыз жемқор мен әлеуметтік аз қамтылған қызметкердің ара-жігі ажыратылмай бірдей санатта қылмыскер болып танылатыны, сол заңды қабылдаған  бірде бір депутаттың үн қатар жайы байқалмайды.

Мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы Ә.Бәйменов: «Мен танысу үшін барлық материалды сұратып отырмын, бірақ білуімше, бұлар мемлекеттік қызметкерге қатысты шектемелерді орындамағандықтан осыған ұшырауда. Алайда, бұл қызмет тікелей біздің агенттікке қатысты емес, құқық қорғау жүйесіне жатады» - деп мәселеден жылыстағанын аңғартыпты.

Астана

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3284
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5832