Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4545 0 пікір 26 Сәуір, 2013 сағат 07:46

Аят Жырғалаң. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл - Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының - ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі - Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі.

Қазақ қоғамының ертеңгі келешегі - бүгінгі мектеп оқушылары. Әр кімнің мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезі әлі есінде шығар, менің де есімде. Енді біз бүгінгі ұрпақтың қалай қалам ұстап, қалай алғашқы мектеп қадамын басып жатқандығына толғаналық. Әрине, ұрпақ - бәріміздің ертеңіміз.

Табалдырық

Иә, мектеп табалдырығы, алғашқы мектепке келген сәттер бәрімізге қызығы мол көңілді кез. Мен бұл кездің көңілді шақтарын еске түсірмек емеспін, қайта, осы сәттің маңызы мен мағынасына тоқталғым келеді. Бастауыш - жалпы білім жүйесінің негізі, әрі табалдырығы. Ұрпақты ұлағатқа тәрбиелер бүгінгі мектептердің алғашқы сыныптарының жайы қалай? Сараптайық...

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл - Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының - ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі - Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі.

Қазақ қоғамының ертеңгі келешегі - бүгінгі мектеп оқушылары. Әр кімнің мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезі әлі есінде шығар, менің де есімде. Енді біз бүгінгі ұрпақтың қалай қалам ұстап, қалай алғашқы мектеп қадамын басып жатқандығына толғаналық. Әрине, ұрпақ - бәріміздің ертеңіміз.

Табалдырық

Иә, мектеп табалдырығы, алғашқы мектепке келген сәттер бәрімізге қызығы мол көңілді кез. Мен бұл кездің көңілді шақтарын еске түсірмек емеспін, қайта, осы сәттің маңызы мен мағынасына тоқталғым келеді. Бастауыш - жалпы білім жүйесінің негізі, әрі табалдырығы. Ұрпақты ұлағатқа тәрбиелер бүгінгі мектептердің алғашқы сыныптарының жайы қалай? Сараптайық...

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады, бастауыш - сол ұя, бастауыш мұғалімі нені меңзейді, ұрпақ сол деңгейді меңгерері хақ, егер межесін жасай алса!

Біздің бастауыштық жүйе (бәріміз білеміз, білсек те айта кетейік басқалармен салыстырмақ үшін) - төрт сыныптан тұратын, жалпы төрт жылда алғашқы сауатты ашуға бағытталған, 20-дан астам пән оқытылатын, негізгі пәндерді төрт жылда тек бір ғана мұғалім оқытатын тұңғиық жүйе. Неге тұңғиық дедік? Себебін келтірелік:

Әлем қалай, БІЗ қалай?

Әлем бұл жүйеден әлде қашан ауысқан, бастауыштық білім жүйесі өзгелерде алты жыл, әр пәнді өз пәнінің маманы беретін, заманға сай қалыпқа келтірілген, ел боламыз деп бесігін түзеген (тек біз секілді Ресейдің көшірмесіне айналған 7-8 мемлекеттен басқа елде).

Бастауыш мұғалімі

«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін», деген екен Серке Қожамқұлов ағамыз, сол айтпақшы ұстаздың алғашқы тәрбиесін алған сәтіміз де, ұстаз деген атауды алғаш айтқанымыз да осы бастауыш еді.

Сол ұстаздардың бүгінгі шоғыры бастауыш мұғалімдері барған сайын өз сапасын әлсіретуде (негізі жалпы ұстаз сапасы да қарық емес), неге дейсіз ғой, егер ойланғыңыз келсе соңғы төрт-бес жылдағы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» - деген мамандықты таңдаушылардың орташа балын сараптап көріңіз. Ұлттық бірыңғай тесттен алған балдарының орташа көрсеткіші 70 балдың ар жағы мен бер жағы. Бұның өзі болашақ ұстаздардың қарымын шамалатса керек. Ойлантады, әрине...

Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім, деп түйіндеп кеткен Ахмет Байтұрсыновтай ұлт ұстазының бүгінгі жалғасы әлсіремегей.

Әйтпесе бастауыштағы төрт жылын мұғалім таңдаумен өткізетін ата-аналар мұның қадірін жақсы білсе керек.

Бастауыштық оқулықтар

Әр сыныптың бағдарламасын әр автор, оқулықтарын әркім жазады, әркім демеске амал жоқ, оқулықтың олқылығы опық жегізіп жүргелі қашан. Бастауыштың оқулықтары да міннен алыс емес. Сенбесеңіз төрт жылдың оқуығын бір ақтарып көріңіз, ашудан булықпасаңыз болғаны.

Сөзіміз дәлелді болсын, мысал келтіре кетейік, 3 сынып математикасы: І тарау. Ауызша көбейту және бөлу, ІІ тарау. Жазбаша көбейту және бөлу. Ойланыңыз күлкілі шығар, ең алғаш көбейтуді үйренген бала ауызша көбейтіп, одан кейін сол ауызшасын жазбашаға айналдырады, бейне бір сахнада айтысатын адам секілді. Сонда ең алғаш көбейту үйренген бала 36 ны 2-ге ауызша көбейтеді екен-мыс. 480-ді 3-ке жазбай ауызша бөледі, туылмай жатып ғалым деп ойлайды. Ал, жазып бөлдіру одан кейін. "Ғалымы" алжитын секілді.

Әр тақырыптың сөз алысы одан масқара, мысалға бір тақырыпшаның аты: 362 түріндегі көбейтулер, ақыл-есім толық менің өзім бұл қандай көбейту екенін білмей басым қатты. 48-ді  3-ке бөлу түріндегі деген тақырыпшаны көргенде өзімді сауатсыз сезіндім, бірақ, қайдан білейін автордың қазақтың бай тілін қолдана алмағанын. 36-ны 2-ге көбейту түріндегі  дегені екі орынды санды бір орынды санға көбейту дегені екен. Ал, 48-ді 3-ке бөлу дегені екі орынды санды бір орынды санға бөлу дегені екен. Е, бастауыштық сауаты жоқтар бастауыштық оқулық жазған ба дейсің мұндайда...

Тізе берсең, әр пәннен шығады... балаңыз бастауышта болса оқулықтарын ақтарып көріңіз, бірақ, алдын-ала өзіңізді сабырға шақырыңыз.

Бастауыштағы «САЯСАТ»

«Саясаттың қанатын жаймайтын жері жоқ» деген екен, бір ағылшынның саяхатшысы, сол айтпақшы, кейде бастауыштағы осы бір дүниелерді зерделеген кезде  «саясат» па деп қалам.

Бастауыш сыныптардағы орыс тілін университетте «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жетіліп шыққан арнайы маман береді. Бұрын 3-сыныптан қосылатын ағылшын тілі биылдан бастап 1-ші сыныптан бастап қосылып, оны да университетте «ағылшын тілі» мамандығы бойынша тәлім алғандар береді. Ал, «қазақ тілі мен қазақ әдебиетін» бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша тәриеленген адам береді. Ойланыңыз, өз тіліміздің құны өзге тілдің дәрежесінен төмен болғаны ма? Қазақ мектептерінде оқып жүрсе де, әлі орыс тілінде сөйлейтін, қазақша сауатынан ағылшынша сауаты жетік қазіргі ұрпақтың өзі біраз шындықтың, «саясаттың» бетін ашса керек.

Бір-бірін кінәлаған қос тарап

Бар пәннің бәрін (үстем тілдерден басқа) беретін бастауыш мұғалімі төрт жыл оқытқан баласы өз баласындай болып кетеді, әрі пайыз түсірмеу керек, сонымен бастауыштың жартысы үздік, тоқсан пайызы екпінді, ал бесінші сыныпқа келіп әр мұғалімнің қолына түскенде үздіктердің көп сандысының үміті үзіледі. Ал бесінші сынып, сол үшін де мектептегі ең даулы сынып.

Сонымен бастауыштан кейін үздігін жоғалтқан ата-ана бар мінді сол көз алдындағылардан іздейді, шынымен өткен күнде бәрі үздік пе? Ол шындық - тек бастауыштағы мұғаліміне аян. Негізі бастауышта сабақ берген мұғалім егер математикаға бейім болса, тіл жағы нашарлау болып келеді. Ал, тіл жағы жақсы болса математикасы ақсақ болып, бесінші сыныпта әшкере болады. Ал, бәрін де сапалы оқытатын бастауыш мұғалімдері кемде-кем.

Сөмкесі салмақты, миындағы білімін бір Алла білсін

Бастауыш оқушысының 7-11 жас аралығында қаншалық жүк арқалауға шамасы жететінін ескерсек, бастауыш балаларына жаныңыз ашитыны хақ. Әр кітаптың салмағы, екінші аяқ киім, оның үстіне спорттық форманы қосыңыз. Өзіңіз көтерсеңіз қолыңыз талады. Бұның да басқа амалы табылар, ескерген жанға.

Жетінші: ұл-қызда ешқандай айырма жоқ.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын соңғы 10 жылда таңдаған адамдардың ішінде бір де бір ер бала жоқ, онсыз да тек әйелдерден жасақталған бастауыштық білім беру жүйесінен шыққан балалардың көп сандысы қыз мінезді нәзіктікті осы бастауышта қалыптастырады.

 

Ойланайық...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біз оқу-оқыту ісін әлсіретіп, ұлттың болашағын бұлыңғырлап алмас үшін бастауышқа байланысты мына түйіндерді түзеткеніміз абзал.

Бірінші: әр пәнді 2-сыныптан бастап сол пәннің методикасы мен теориясын толық меңгеріп шыққан өз саласының маманы беру керек. Өйткені: Ыбырай Алтынсаринше айтсақ, егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ұстаздық мамандыққа баратындардың сапасы мен бүгінгі ұстаздардың сапасын арттыруды қолға алған абзал. Бұл түйінді «Ұлт болам десең, ұстазыңның халін біл!» (http://old.abai.kz/node/22482) атты мақалада толық көтерген едік.

Екінші: әр пән оқулықтары 1-11 сынып аралығы бір комиссияның сараптамасынан өту керек. Бұл түйінді «Оқулық олқы болса, оқушы қайдан оңады?» (http://old.abai.kz/node/15530) атты мақалада толық көтерген едік.

Үшінші: баланың бағалану формасын өзгерту керек. Іріктеп алып, өте сәби санадағы балаларды ала-құла бағалағанды, өтірік бағалағанды қысқарттыру керек. Бұл түйінді «Баланың бағын байлаған баға» (http://old.abai.kz/content/ayat-zhyrgalan-balanyn-bagyn-bailagan-baga) атты мақалада көтерген едік.

Төртінші: қанша көп тілді боламыз десек те оны сәби санада бастамау керек, бастауышта әр ұрпақ тек өз тілінде тәрбиеленуі керек. Бұл ғылымда дәлелденген. Күнделікті ұлт жанашырлары айтып жүрген іс.

Бар байлығымыз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесін десек қазақ ұрпағын ғылым-білімге баулу керек. Ол үшін алғашқы баспалдақты, алғашқы тұғырды жақсарту, бастауышқа баса назар аударып, қазақ балаларына ғылымның тілін меңгеруіне мүмкіндік жасауымыз керек. жалпы алғанда ұлтты дамыту үшін оқу-ағартуды сапаландыру кезек күттірмейтін шаруа!!!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282