Жексенбі, 24 Қараша 2024
1389 0 пікір 19 Сәуір, 2023 сағат 11:55

«ҚХ» қоры қаңтар құрбандарына қанша теңге бөлді?

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғаларында зардап шеккен 614 адамға жалпы сомасы 2 миллиард 434 миллион теңге төледі.

Абайсызда қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңгеден көмек көрсетілген.

Қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға 262 миллион теңге бөлінді.

Атыс қаруынан жарақат алып, жәбірленуші деп танылған 200-ден астам ауыр жарақаттанған кәмелетке толған азамат қордан 606 миллион теңге алды.

Жарақат алған 13 баланың отбасына 39 миллион теңге берілді.

Қаза тапқан 19 әскери қызметкердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына қордан 133 миллион теңге бөлінді.

Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметкерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне 333 миллион берілді.

Қайтыс болған әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға 46 миллион теңге бөлінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608