Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3571 0 пікір 26 Сәуір, 2013 сағат 08:00

Жанболат Мамай. Арандатудан аулақ болыңыздар!

ҰҚҚ төрағасы Нұртай ӘБІҚАЕВҚА
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВҚА
Бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВҚА

Мәлімдеме

ҰҚҚ төрағасы Нұртай ӘБІҚАЕВҚА
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВҚА
Бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВҚА

Мәлімдеме

Осымен үшінші күн қатарынан менің Алматыдағы үйімді полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі белгісіз адамдар белсенді түрде торуылдауда. Олар таңертең де, кешке де еш үзіліссіз, өзара ауысыммен үйдің маңын күзетуді жалғастырып келеді. Соңғы аптаның ішінде үйіме бірде тұрғындарды есепке алу сылтауымен, бірде белгісіз қылмыскерлерді іздеу сылтауымен бірнеше мәрте полиция қызметкерлері келіп кетті. Ал өткен демалыста Әуезов ауданының қылмыстық іздеу бөлімі қызметкерлері есікті қағып, біздің пәтер «тоналғаны» жөнінде арыз жазғанымызды мәлімдеді.
Басқа да дереккөздерден маған қарсы ұйымдастырылуы мүмкін арандатушылық туралы ескертулер түсуде. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері менің таныстарым мен ата-анамның достарының үйіне барып, оларға менің қызметім туралы ақпарат беріп, қорқытып үркітуде. Менің журналистика мен саясаттағы болашақ жоспарларымды, «Ашық алаң» (Трибуна) газетінің қайдан қаржыланатынын анықтап беруді талап еткен. Мен бұл істі маған және менің қарт жастағы ата-анама көрсетілген қысым ретінде қабылдаймын. Осыған орай ашық мәлімдеме жасауды жөн көрдім: біздің «Ашық алаң» (Трибуна) газетін ешкім де сырттан қаржыландырмайды. Газет оқырман көңілінен шығып, газет нарығында өз орнын тауып, өзін-өзі ақтайтын деңгейге шықты. Ал сіздердің қызметкерлеріңіздің менің таныстарым мен достарымның үйлері мен пәтерлеріне келуін адамгершіліктен жұрдай хайуандық әрекет ретінде бағалаймын. Бұл істеріңіз Сталин репрессиясы кезіндегі «халық жауларының» таныстары мен туыстарын қудалауды еске салады.

Осыған дейін полиция қызметкерлері мен белгісіз адамдардың оппозиция белсенділеріне қатысты түрлі арандатуларын ескере отырып, өзімнің қылмыстық әрекеттерге қатысым жоқтығын, наша сатумен және оны таратумен айналыспайтынымды, ал дәл қазір тіпті көлікті де жүргізбейтінімді мәлімдегім келеді. Сондықтан, жақын күндері маған қатысты қандай да арандатушылық орын алса, оны менің пікірім мен ұстанымыма қарсы жоғарғы биліктің ісі немесе «Ашық Алаң» (Трибуна) газетінде жарияланған «қаһармандардың» бірінің өш алуы ретінде бағалаймын. Мен сіздерді арандатушылардың жетегіне еріп, сөз бостандығын шектеп, тәуелсіз журналистер мен қоғам қайраткерлері және саясаткерлерді қудаламауға шақырамын.

Жанболат МАМАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343