Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
2072 1 пікір 25 Сәуір, 2023 сағат 12:17

Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) live рейтингінде Е.Рыбакина жетіншіден алтыншы орынға көтерілді.

Бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты.

«Медициналық тексеру менің жіліншігімде жарақат бар екендігін көрсетті, сондықтан қалпыма келу үшін уақыт керек. Сондықтан, өкінішке қарай, Мадридтегі биылғы турнирде өнер көрсетпеймін. Өз титулымды қорғай алмаймын», деп жазды Жабер әлеуметтік желіде.

Мадрид жарысының өткен жылғы чемпионы О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сондықтан ол дода біткеннен кейін 1 мың рейтингілік ұпайынан айырылады.

Тунистік теннисші өткен аптада Штутгарт WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін жетіп, онда 20 минуттай ойнап, жарақаты салдарынан матчты жалғастыра алмаған еді.

Е.Рыбакинаның Мадридте табысты өнер көрсетсе, әлемдік рейтингіде бұдан да жоғарылауына мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Мадрид турнирінің іріктеу сайысында жеңіліп қалды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1603
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3219
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1205
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1118