Жұма, 2 Қазан 2026
3149 1 пікір 27 Сәуір, 2023 сағат 11:23

Серік Күдебаев ұсталды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Стамбулда жүрген жерінен ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.

Еске салайық, қаңтар оқиғасына күдікті деп танылған Күдебаевтың елден қашып кетуіне байланысты 3 сәуірде халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Күдебаев 23 наурыз күні Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайынан Түркияның Ыстамбұл қаласына ұшып кеткен.

ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы емес, таулар арасымен қашуы мүмкін деген жорамал айтқан және бұл іске Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары да кіріскенін айтты.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

10 наурызда Серік Күдебаев ауруханаға түскені, сот отырысы кейінге шегерілгені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды. Ол кезекті сот отырысына келмегендіктен, судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 349
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 372
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 513