Жексенбі, 24 Қараша 2024
1664 2 пікір 27 Сәуір, 2023 сағат 13:42

1 шілдеден бастап такси жүргізушілері мен курьерлер де салық төлемек

Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-платформалармен бірлесіп, такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционалды іске асырып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Такси немесе курьерлік жеткізу қызметін көрсету кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе мекемеге (басқа кәсіпкерге) жалдамалы қызметкер ретінде рәсімдеу жолымен салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.

Бұл талаптар қазір пайда болған жоқ, бұрыннан бар, бірақ әртүрлі себептерге байланысты көп азаматтар орындамайды.

Біздің ойымызша, себептердің бірі – міндеттемелерді орындауға байланысты әкімшілік рәсімдерді орындауға дайын еместігі.

Салық төлеуші үшін ең тиімдісі – «eSalyq Business» арнайы мобильді қосымша негізіндегі салық режимін қолдану.

Себебі 1 пайыздық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) төлеу қажет.

Осыған байланысты, интернет-платформаларды пайдалана отырып, қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «eSalyq Business» мобильді қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін салық режимі негізінде пилоттық жобаны іске қосып жатыр.

Оның шеңберінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тікелей интернет-платформада өтеді.

Платформа операторы табысын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстайды және төлейді, содан кейін мәліметтер автоматты түрде МКК-ға беріледі.

Бұл жеке тұлға салық органдарына бармай-ақ, салық міндеттемесін орындайды, ал салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктер жойылады.

Бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді баптау бойынша Яндекс.такси-мен жұмыс жүріп жатыр, жұмыс аяқталғаннан кейін азаматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады.

Техникалық жүзеге асырудың жоспарланған уақыты – 2023 жылдың 1 шілдесі.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566