Жексенбі, 24 Қараша 2024
2168 9 пікір 28 Сәуір, 2023 сағат 13:05

Білім саласындағы жемқорлық оңтүстік өңірде өршіп тұр

Білім саласындағы жемқорлық Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында өршіп тұр. Бұл ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің еліміздің барлық білім беру ұйымдарында аудит жүргізуі кезінде анықталған.

«Министрліктің басым міндеттерінің бірі - білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Барлығы ашық әрі айқын болу үшін жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жоспарлануда», - деді Ғани Бейсембаев.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында министрлік аумақтық бөлімшелер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әкімдіктер мен мәслихаттар депутаттары және қоғам өкілдерін тарта отырып мониторинг топтарын құруды ұсынды.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.

 

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550