Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Ақмылтық 4910 9 пікір 28 Сәуір, 2023 сағат 13:10

Ірі компаниялар неге қазақ тілін керек етпейді?

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Kegoc» АҚ ғимаратында ұлттық компаниялардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне жүргізілген мониторинг қорытындысы талданды.

Кезінде қоғам қайраткері, белгілі ақын Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай іс оңалмайды» деп кеңсе тілінің маңыздылығына ерекше мән берген.

Бүгінде мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылатыны «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабымен айқындалған.

2023 жылдың І тоқсанда жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжатайналымының үлесі 73% құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37%-ке артып отыр (2022 жылдың І тоқсаны – 36%).

Дегенмен, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (32%), «Қазақстан темір жолы» АҚ (43%), «Қазпошта» АҚ (57%), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (61%), «Байтерек» ҰБХ АҚ (67%), «ҚазМұнайГаз» ҰҚ (69%) және т.б. көрсеткіштері әлі де төмен.

Ал «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (82%), «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (82%), «KEGOK» АҚ (84%), «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (85%), «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (87%) құжаттарын қазақ тілінде жүргізуде өсім байқалады.

Жиын бағдарламасына сәйкес «Kegoc» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.

Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Ходжабергенова шараны қорытындылай келе, ұлттық компаниялардың ішкі құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 822
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 534