Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7088 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 04:13

Санжар КЕРІМБАЙ. Ораза ұстамау күнә ма?

Әуел баста адам қамын ойлаған Ұлық Алла рамазан айының қасиетімен адамзат руханияты мен мәдениетін өркендету үшін 1400 жыл бұрын Рамазан айын ашқұрсақ күйде өткеруді бұйырған. Болмаса сол заманда құм ішінде көшіп жүрген араб тайпалары онсыз да тойып тамақ ішпейтін. Бәлкім, кім біледі, ол заманның момындары Рамазан айында тамақтан тыйылғанды аздап болсын ауырсынған да шығар. Бірақ ол кезде Исламның құдіреті мен пайғамбардың кереметі есінен кетпеген мұсылмандар оразаны ойланбастан тұтқан. Әлбетте, сонымен бірге рамазан айының шарапаты мен рақатын да сезіп, біліп, бұл айды құр жібермеуге барын салатын. Дін әлсіреп, Исламның беделі шайқалған шақта оразада ауыз бекітуге жеңіл қарайтын рухсыз мұсылмандар пайда болды. Әсіресе, сәбеттер одағында туып-өскен дүбәра қазақ Рамазан айын барынша жеңіл етіп көрсетуге тырысатын рухани кеселге шалдықты. Қазір де Рамазан айы келгенде өздерін «зайырлы қоғамның өзегіміз» деп есептейтін дүбәралар Рамазанның рухани пайдасы, шексіз шарапаты, қисапсыз сауабы бар деп ойламайды. Керісінше, дін шарттарының рухани астарына мейлінше үңілмеуге барын салып бағады. Құдай өзі жәрдем беріп, періштелерімен желеп-жебеп тұрғанда ашығудан қорқатындар күні бойы аш жүруді денсаулыққа зиянды деп санауы бек мүмкін. Бірақ, шыны керек, әлем халқы көбейіп, тамақ өндірісін дамытқан сайын адам атаулы ауруын астан табатын жаңа бәлеге душар болды.

Әуел баста адам қамын ойлаған Ұлық Алла рамазан айының қасиетімен адамзат руханияты мен мәдениетін өркендету үшін 1400 жыл бұрын Рамазан айын ашқұрсақ күйде өткеруді бұйырған. Болмаса сол заманда құм ішінде көшіп жүрген араб тайпалары онсыз да тойып тамақ ішпейтін. Бәлкім, кім біледі, ол заманның момындары Рамазан айында тамақтан тыйылғанды аздап болсын ауырсынған да шығар. Бірақ ол кезде Исламның құдіреті мен пайғамбардың кереметі есінен кетпеген мұсылмандар оразаны ойланбастан тұтқан. Әлбетте, сонымен бірге рамазан айының шарапаты мен рақатын да сезіп, біліп, бұл айды құр жібермеуге барын салатын. Дін әлсіреп, Исламның беделі шайқалған шақта оразада ауыз бекітуге жеңіл қарайтын рухсыз мұсылмандар пайда болды. Әсіресе, сәбеттер одағында туып-өскен дүбәра қазақ Рамазан айын барынша жеңіл етіп көрсетуге тырысатын рухани кеселге шалдықты. Қазір де Рамазан айы келгенде өздерін «зайырлы қоғамның өзегіміз» деп есептейтін дүбәралар Рамазанның рухани пайдасы, шексіз шарапаты, қисапсыз сауабы бар деп ойламайды. Керісінше, дін шарттарының рухани астарына мейлінше үңілмеуге барын салып бағады. Құдай өзі жәрдем беріп, періштелерімен желеп-жебеп тұрғанда ашығудан қорқатындар күні бойы аш жүруді денсаулыққа зиянды деп санауы бек мүмкін. Бірақ, шыны керек, әлем халқы көбейіп, тамақ өндірісін дамытқан сайын адам атаулы ауруын астан табатын жаңа бәлеге душар болды. Ең жаманы мерез шақыратын арам астың бәрі адам құмарлығын қыздырып, дәмі тілді үйіріп-ақ тұрады. Кез келген кісіні семіртіп, жалқау қылып жіберетін тамақтың бәрі - әлем бойынша қас пен көздің арасында асығыс жасалатын ас, ауқат. Гамбургерді көшеде кетіп бара жатып жейтін жабайы мәдениет - бұл күндері үлкен қаланың бәріне тән тіршілік. Ашық мойындалған шындық мынау: адамды қомағайлықтан тоқтату - ХХІ ғасырдың ең үлкен проблемаларының біреуіне айналды. Сенбесеңіз мына зерттеуге көз жүгіртіңіз. Адамзат тарихында тұңғыш рет жуан қарын семіздер, тойып тамақ ішпейтін арық-тұрықтардан асып түсті. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының соңғы берген мәліметі бойынша қазір әлемде бір миллион адам асты артығымен жеп ауру тапқан. Бүгінгі таңда төсектен тұра алмай жатқан 300 миллион мүгедектің диагнозы - «семіздік». Ауқат таппай тәлтіректеп жүрген көтеремдер саны 800 миллионға жетіп тоқтаған. Осылайша ХХІ ғасырдың ғалымдары «Африкадағы аштан өліп жатқандарды қайтіп тойдырамыз деп емес, Америкадағы семіздерді қалай ашықтырамыз» деп басын қатыруда. «Бұл енді шетел ғой, біздің Қазақ еліне қаншалықты қатысы бар» деп немқұрайды қарамаңыз. Себебі, халқы соншалықты бай тұрмайтын біздің елдің өзінде кеселдің 70% -ы ас-ауқаттан жабысады. Адамды мас қылып, жан-жүйкесін улап тастайтын арам сусын мен базардың күмәнді етін айтпағанда, артығымен желінетін адал астың өзі асқазанға ауыр салмақ. Ас-ауқатты тартынып жейтін тәртіп жүйесі шатасқан соң, рухани өмір сүруге деген ықыласы жойылады. Жатар алдында тоя жеген тамақтан ауру болудан басқа жолыңыз жоқ. Жылы төсекке тойып барып құлаған пендені таңға таман міндетті түрде қара басып, еңсесі езіліп басып тұрады. Тоқтық тартқан ондай сезімнен арылу оңай шаруа емес. Тіпті өмір бақи құтыла алмай кетуіңіз мүмкін. Қалай болса солай, көрінген жерде аузыңа не болса соны тыға беретін жаман әдет тұла бойыңызға біржолата сіңіп алады. Ауыздағы жалмаңдаған жаман әдет асқынған сайын адамның рухани қабілеттері топастанып, жыл өткен сайын ақылы таттанып, ой өрісі тарылады. Ас-ауқатқа тұншығып, нәпсі қомағайлығына шырмалып қалған шыбын жан - Исламның, Құранның, құлшылықтың бүкіл рақаты мен сауабынан мақұрым қалады. Діннің түпкі астарын терең ұғынған әулие даналар ұдайы ашқұрсақ жүріп тұруды рухани өмірдің ең бірінші сатысы деп таныған. Ашқарақтық сезімі тыйылмаған адамдар салауатты өмірге ешқашан қадам баспайды. Егер кімде кім жаңа өмір бастап, тағдырын бақытты арнаға бұрғысы келсе, артық астан тыйылсын деген. Орыстың және бір ақылман зиялысы тоя жеуді былайша сипаттайды: «Егер сіз дастарқан басынан қарныңыз ашыңқырап тұрсаңыз, - тойғаныңыз. Ал егер тойып тұрсаңыз, онда артық жеп қойдыңыз. Ал, артық жеп қойсаңыз, онда сіз уланып қалдыңыз».
Ауру - астан болатынын байқаған көп елдің ғалымдары ашығу туралы неше түрлі айла ойлап тапты. Бірақ бәрібір жаратушы бір құдірет күштен пәрмен болмаған соң, жалпы халықты тартына жеуге тәрбиелеу мүмкін емес. Ерік жігері артықша жаратылған сирек тұлғалар болмаса, бұқара халық жөн-жосықсыз тамақ жейтін жаман әдеттен арыла алмайды. Әдетте бүкіл әлемге дұрыс тамақтану жағынан жапон халқы үлгі болып келген. Денсаулыққа пайдалы тағамдарды таңдап жеу, беймезгіл кезде асқазанға артық салмақ салмау деген секілді тәртіптерді бұлжытпай орындайтын. Сондық-тан да жапонның басқадан ақылы озып, өнері дамып, тұрмысы ілгері кетті. Ауру шақыратын артық астан тартынғандықтан өмір сүрудегі ұзақтығы жағынан да әлем алдына шығып алды. Бірақ, амал нешік, Америка әсері ол жақты да былғады. Ат үсті ауқат әзірлеп, не болса соны талғамай жей беретін мешкейлік жапон жастарына жұқты. Қазір жапонның ақсақалдары жас буынға тамақ жеу тәртібін үйрете алмай әуре болып жатыр.
Адамзат өркениетін алға сүйрейтін локомотив болсын деп Ұлық Алла мұсылман деген жұртты жаратты. Бұл жұрт рухани азбасын деп Ислам дінін оларға нәсіп қылды. Ислам дінін ұстанушы ел-жұрттың ақылы өзгеден озық, рухы мықты, денсаулығы күшті болу үшін Рамазан айына көптеген шарапат дарытты. Қала берді Исламның мың, миллион қатпарлы рухани астары мен сырларын түсінсін деп пайғамбар атаулының тәжі болған Хазреті Мұхамедті (с.ғ.у.) елші етіп жіберді. Хақ пайғамбар кейінгі үмбеті азбауы, олардың рухани қарым-қабілеті мұқалмауы үшін Рамазан айында 30 күн ораза ұстаудың бүкіл тәртібі мен шартын үйретіп көрсетіп берді. Хаттабтың ұлы, Омар атты сахабасы айтады. Әдетте Рамазан басталуға бір күн қалғанда хазреті Пайғамбар қаладағы елді жинап, уағыз айтатын. «Жамағат! Рамазан айы келді. Бұл - біз үшін ең ұлық ай. Рамазан айын дұрыстап өткеруге дайындық жасап, қамданыңдар. Бұл айдың әрбір күнін барынша пайдаланып қалуға тырысыңдар. Бұл айда әдемі, таза киім киіп сән-салтанаттарыңды асырыңдар. Рамазан айының ұлықтығын құрметтеңдер. Алла алдында бұл ай өте ұлық һәм өте жоғары. Отыз күн ораза ұстағанда өте мұқият болыңдар. Бұл айда жасаған ғибадаттың сауабын Ұлық Алла екі есеге арттырып береді. Оразада намазды көп оқыңдар. Рамазанды көркем қылып, зейнетін арттырып көрсету үшін Құранды көп оқыңдар. Кімде кім Құран кәрімді әдемі әуезбен, шын жүрегімен, жан тәнімен беріліп, зейін қойып оқыса, Ұлық Алла ол адамға оқылған Құранның әрбір әрпіне пейіштің бақшаларынан үлес береді. Ол бақшада өсетін бау-бақша мен ағаш, дарақтың бітімі бұл дүниенің мысалына келмейді. Себебі, ондағы бір дарақтың көлемінің өзі бұл дүниенің жүзінен жүз есе үлкен».
Қарап отырсаңыз, 11 ай бойына тар тұрмыстан қажып, өмірдің неше түрлі қиындығынан шаршаған мұсылмандар осы айда жаппай сауығады. Қарыны ашып, қалжыраған аш адамның мылжың, бос сөзге құлқы болмайды. Ұрыс-керіс, дау-жанжал бұл айда пышақ кескендей тоқтайды. Өз шаруасын дөңгелетем деп жүріп қаншама адам ағайын, туысынан алшақтап, суып кетеді. Міне, осы аралары суи бастаған ағайын-туыс Рамазан айында 30 күн бойына күніге кешке ауызашарда бас қосады. Дастарқан басында рухани емес, дүние әңгімесін құмарланып айтуға тыйым салады. Сондықтан да осы айда рухани оңалып, ақжүрек адамдардың қатарына қайтадан қосылып кетуге мүмкіндік өте мол. Бұл айды барынша рухани пайдаланып, оның көзге көрінбейтін шарапат, берекетінен үлес алғысы келетін момынға Ұлық Алланың дайындаған нығмет сыйлықтарын адам айтып тауыса алмайды.
Құдіретті Алла тағала 18 мың ғаламды жаратып болған соң өзінің алдына есептегіш қасиеті өте үлкен бір періштесін шақыртып, тапсырма береді. «Сен қазір жерге барып, теңіздің асты, үсті, тау, тастың қойны-қонышындағы құм атаулының дәл санын есептеп, маған айт» дейді. Бұл періштенің ерекше жаратылғаны сонша, оның басындағы құлағы мен көзі аспандағы жұлдыздан көп еді. Ол көзді ашып-жұмғандай ғана мезетте жер шарында неше мың тонна құм болса соның бәрінің санын дәл айтады. Жаратушы Иесі оған риза болып: «енді жердегі мұқит, теңіз, дария, өзен көлдегі судың тамшысын есепте» деп тапсырады. Алып періште бұл жолы да жаңылмайды. Әп-сәтте бүкіл судың тамшысын жеке-дара санап, Алланың алдына қояды. Ұлық Алла бұл жолы да оның жұмысына, жылдамдығына ырза болып, мақтау айтады. Енді, - дейді, Ұлық Алла: «Рамазан айында менің ризалығымды табу үшін ауыз бекітіп, ораза ұстаған момын құлымның бір күнде табатын сауабын сана!» деп әмір береді. Жаңа ғана қисапсыз есептен жаңылмай, сартылдап тұрған зор есепші періште осы сәтте мүдіріп, тұрып қалады. Біраз уақыт өткен соң оның бүкіл көздері жыпылықтап, есептен шатаса бастайды. Оразаның сауабын санап соңына шыға алмаған бұл періште амалы құрып, Алланың алдына сәждеге құлайды. Басын көтермеген күйі: «Ең ұлық Ием, Рамазанда ораза ұстаушы құлыңның бір күндік сауабын өзің айтпасаң, оны санап, есебін шығаруға менің шамам келмейді», - деп зар илейді.
Бұл - Рамазан айының ұлық-тығын айқын көрсететін ғибратты хадис. Егер құдіреті күшті Алла тағала Құран кәрім арқылы құлдарына Рамазан айында аштық ұстап, ақыл өсіріп, рухын күшейтуді бұйырмағанда, адам баласы өз бетінше мұндай өркениет пен мәдениетке жете алмаған болар еді. Ешбір ел, ешқандай ұлт, халық дәл осылай жаппай ораза ұстап, ұланасыр сауапқа кенеле алмайды. Бұл рухани жұмыс - Ұлық Алланың ғана қолынан келетін мұғжиза (керемет). Байқасаңыз, тамақ ішу мәдениетін біршама меңгерген шығыс елдерінің көзі ашық зиялы қауымы жаппай ораза ұстаушы мұсылман елдеріне қызыға да қызғана да қарайды. Мыңдап, миллиондап ораза ұстау деген тұтас мемлекет ретінде рухани қайта түлеген секілді қызық құбылыс. Сондықтан ертең Рамазан айы басталған шақта жоқтан өзгені сылтау қылып ауызды ашық қалдыру адамның рухани һәм мәңгілік өміріне үлкен қатер. Себеп, сылтаусыз ораза ұстамау - бақытсыз тағдырды Құдайдан өзің барып сұрап алғанмен бірдей.
Егер сіз бұрын-соңды ораза тұтып көрмеген болсаңыз, қорқатын ештемесі де жоқ. Аман-есен, сау қалпыңызда оразаға жеткеніңізге шүкір деңіз де 30 күн Алла ризалығы үшін аш жүруге тәуекел етіңіз. Қасиетті айдың алғашқы аптасы өтпей жатып-ақ өз денеңізден бұрын-соңды болмаған рухани құбылысты сезіп, байқайсыз. Осындай бақытты қадам жасар алдында дінге жеңіл қарайтын, жүрегі әбден кірлеп, қасиетті ұғымдар туралы не болса соны ойланбай айта беретін рухсыз, мәдениетсіз кісілермен жақын араласып қажеті жоқ. Ислам шапағатынан тым алыстап кеткен бақытсыз пенделер айналасында ақжүрек кісілердің көп болғанын қаламайды. Сол себепті де олар жора-жолдастарын ауыз бекітпеуге үгіттеп, оразаны қасиетсіз қылып көрсеткенді жақсы көреді. Нәтижесінде оразаны құр жіберіп, Алланың теріс назарына ілігеді. Оған дәлел Хазреті Пайғамбардың хадисі. Ужра есімді сахаба айтады: «Бір жолы Алла елшісі бізге қарап:
«Мінбәрға жақындаңдар», -- деді. Біз жақындадық. Хазірет мінбардың бірінші баспалдағына көтерілді де өзінен-өзі «Әмин» деді.
Сосын екіншісі баспалдаққа көтерілді де тағы да «Әмин» деп дауыстады. «Үшінші ретте тағы бір баспалдаққа көтеріліп, «Әмин»деді. Пайғамбардың бұл әрекетіне қайран қалып: «Мұнда не сыр бар? Біз бұрын мұндайды көрмедік?»- деп сұрадық. Пайғамбар (с.ғ.у.) айтты: «Мінбарға тақағанда қасыма Жебірейіл періште ұшып келді. Мен көтерілгенде ол: «Рамазан айына аман-есен жетіп тұрып, ауыз бекітпей, 30 күн оразаны зая кетірген адамға бәле жаусын!» - деді. Мен «әмин» дедім. Екінші баспалдаққа шыққанда ол тағы да: «Сенің есіміңді естіп тұрып, саған салауат айтпаған адамға бәле жаусын!» - деді. Мен тағы да «әмин» дедім. Үшінші сатыға аяқ басқанда Жебірейіл тағы да: «Ата-анасының екеуі, не біреуі ұзақ өмір сүріп, әбден қартайса да солардың себебінен пейішке кіруге лайықты болмаған тасжүрекке нәлет келсін!» деді. Мен соңғы рет тағы да «әмин» дедім.»
Сөз ұғарлық ақылды азамат болса, пайғамбар мен Жебірейіл періштенің арасында болған осы қатал сырдан ғибрат алсын. Рамазанның бір де бір күнін құр жіберіп алмаңыз! Құдайдың тыныштық нұрына бәрімізді бірге жеткізсін. Газеттен көз жазып қалмаңыз. Рамазан айының құпия сырлары туралы тағы да тарқатып жазамыз.

«Үш қиян» газеті, 27.08.2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544