Қазақстан азаматтары Ресейден жұмыс іздеп жүр
2023 жыл басталғалы Ресейге жұмыс іздеп Қазақстаннан 35 мыңға жуық адам барса, Өзбекстаннан 630 859 адам барған. Бұл туралы «Ведомости» басылымы Ресейдің қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Басылымның мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы үш айында Ресейге 1 300 000 еңбек мигранты барған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көп.
Сондай-ақ Орталық Азияның екі елі: Тәжікстаннан 349 357 адам және Қырғызстаннан 172 591 адам Ресейге жұмыс істеуге барған.
Бұдан бөлек, Армениядан 47 337 адам, Қазақстаннан 34 783 адам Ресейге нәпақа табуға барғаны айтылады, және бұл тек ресми ақпарат болып саналады.
Сонымен қатар, үш айда Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары 68,9%-ға өскен. Бұл – 48 миллиард теңге.
Қазақстаннан ең көп ақша аудырымы, 54, 4 миллиард теңге, Түркияға жасалған.
Abai.kz