Қазіргі қазақ әйелі қалай өзгерді?
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдер мен ерлердің әрқайсысының өз рөлдері болады. Көшпенділер мәдениетінде ерлер мен әйелдердің міндеттері бөлінді. Әйелдердің рөлі бала тәрбиелеумен, үй шаруашылығын жүргізумен қатаң шектелген. Мысалы, неке дәстүрінде әйелдердің күйеу таңдауға мүмкіндігі болмаған. Күйеуі өлсе, басқа күйеуге шыға алмаған, ол марқұмның інісіне немесе ағасына қосылуға міндетті болған.
Көшпелі мәдениеттің дағдарысқа ұшырауына байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда жаңа қоғамдық қозғалыс пайда болды. Ұлтшыл Алаш қозғалысы Қазақстанның қоғамдық өмірінде өшпестей із қалдырды. 1917 жылы Орынборда өткен Алаш Орданың конференциясы әйелдердің қоғамдағы өмірі туралы шешім қабылдап, мынадай тұжырымдарға келді:
- әйелдер мен ерлердің саяси құқықтары тең болуы керек;
- әйелдер өздеріне серігін таңдауға ерікті;
- некеге тұру жасы 16-ға дейін ұзартылуы;
- молданың 16-ға толмаған қыздың, 18-ге толмаған жігіттің некесін қиюға құқығы жоқ;
- неке екі жақтың келісуімен қиылады;
- жесір әйелдерді күйеуінің туысқандарына зорлап қосуға болмайды;
- бірінші әйелі келісім бермесе, екінші әйел алуға болмайды.

Осы конференцияда ұсынылған идеялар ол заманда әйелдердің тығырықтан шығатын басқа жолы болғандығын көрсетеді. Ескі салт-сана мен әдет-ғұрыптың күйрей бастағаны, әйел рөлінің өзгергені көрінді.
Әлем тарихында құрсанып қару асынып, қол бастап жауға шапқан не болмаса мемлекет басқарып, сол елдің азаттығы, Тәуелсіздігі үшін арыстандай алысқан әйел адамдар аз емес. Тіпті әлемдік емес, өз қазағымыздың кешегі, бүгінгі тарих қатпарларына көз жүгіртер болсақ, қорамсақ толы жебе асынып, айқайлап жауды қашырып, түйіліп келген дұшпаннан қаймықпай, өз елінің азаттығы үшін шейіт болған апаларымыз жеткілікті. Әрине, суыртпақтай берсек, арғы-бергі тарихта бұлардан өзге де батыр апаларымыз есте қалды. Әлем тарихында өшпес із қалдырған, ерлігімен қатар, даналығы аңыз болып қалған, бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис және Зарина тарихта қалды. Мәселен, жоңғар шапқыншылығы тұсында Абылайхан Дарабозым деп еркелетіп, сыйлаған қазақтың бас сардары, ұлы қолбасшысы Қабанбай батырдың жары Гауһардың ерлігін, тапқырлығын еске алсақ та жетеді. Қабанбай мен Гауһардан туған Назым қыздың небәрі 16 жасында Түркістан түбінде от шашқан жоңғар зеңбірегіне батпай, ұйлығысып қалған қазақ қолын бастап, кәмшат бөрік киіп, найза орнына қолындағы қамшысын бұлғап «Абылайлап» жауға шауып, жоңғарларды түре қуған ерлігі ел есінде. Кешегі Кенесарының қарындасы Бопайдың ерлермен бірге өз елінің азаттығы үшін толарсақтан саз кешіп, жасанған жаумен арыстанша айқасуы не болмаса қазақ тарихында аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын қалай ұмытамыз? Мұның сыртында кешегі кеңес заманындағы Екінші дүниежүзілік соғыста шығыстың қос шынары атанған Мәншүк пен Әлияның да ерлігі әлі есте.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ қоғамы әйелдер мәселесін жаңа заман талабына орай жаңаша қырынан көтере бастады. Нәтижесінде саяси, қоғамдық және экономикалық жағдайлардың ерекшелігі ескеріле отырып, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кеңес беру органы - Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрылғаны белгілі. Нарықтық экономикаға көшу көптеген адамды тығырыққа тіреді. Әйелдер жүгі ауырлады. Отбасын асырау, бала-шағаға қамқорлық, үй шаруасы - осының бәрі ерлерге қарағанда әйелдердің мойнындағы жауапты іс. 2004 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде жұмысқа орналасу мәселелері бойынша келгендердің ішінен әрбір алтыншы әйелге ғана жұмыс берілген. Жоғары және орта арнайы білімі бар 45 жастағы және одан үлкен әйелдердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі мүлде аз. Қазіргі кезде жалданып жұмыс істейтін адамдардың денін әйелдер құрайды. Алайда олардың еңбек ақысы ерлердің табысының 61%-на ғана татиды. Қазіргі таңда әйелдер денсаулық сақтау, білім беру және сауда сияқты белгілі бір салада шоғырланған.
Қазақ әйелі туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Өйткені әйел - біздің анамыз, әйел - біздің әпке, қарындасымыз. Әйел бізге тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп» өмір сыйлады. Кешегі қазақ әйелі дәстүрлі мәдениеттің бесігінде тербеліп, қайнарынан қанып ішкен. Қоғамдағы өз орнын жазбай танып, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген.
Дерек
Ресми дерек бойынша Қазақстанда 100 ер адамға 108 әйелден келеді. Мемлекеттік қызметтегі орталық және жергілікті атқарушы орындарда жұмыс істейтіндердің 58 пайызы әйелдерден тұрады. Парламент депутаттарының 21-і, яғни 14 пайызы әйел. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда орта есеппен 17 пайызы депутат әйел бар. Үкіметте екі министр, бір агенттік төрайымы, министрліктерде төрт жауапты хатшы және бес вице-министр, орталық атқарушы органдарда төрт жауапты хатшы қызметінде әйел қауымы. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда билікте 3-4 пайыз ғана әйел болса, қазіргі күні 14 пайыз.
Автор: Динара Скабаева, тарих пәнінің мұғалімі
"Алаш айнасы" газеті