Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 2908 10 пікір 15 Мамыр, 2023 сағат 14:25

Қауіп: Росатом қазақ уранына ауыз салды...

Түркістан облысындағы «Буденовское» уран кеніші Ресейлік корпорацияға өтті. Бұл туралы ақпарат «Қазатомпром» компаниясының жылдық есебінде жазылған.

2022 жылдың соңында Степногорск тау-химия комбинатының құрылтайшылар қатарына ресейлік «Росатомның» еншілес компаниялары:  «Урнаиум Уан Груп» пен «Логистический центр ЯТЦ» кәсіпорындары қосылған. Ресейлік БАҚ «Қазақтан мен Ресей ядролық салада жетістікке жетіп жатыр» деп даурыға жазып жатыр.

«Ураниум Уан Груп» 2022 жылдың 14 желтоқсанында Степногорск тау-химия комбинатының иесі атанды. Аталған компания 2016 жылдың 6 қазанынан бастап «Буденовское» кенішіндегі №5,6,7- учаскелерге «Қазатомпроммен» бірлесе иелік еткен. 2009 жылы «Росатом» басқа да төрт кенішті сатып алған еді. Ендеше ресейлік атом монополисі «Буденовское» кәсіпорнын толық бақылауына алды деуге негіз бар», - деп жазады Азаттық.

Ресейлік «Росатом» 2013 жылы Қазақстанда жұмыс істеген «Ураниум Уан» канадалық компаниясының акциясын толық сатып алды. Осыдан кейін «Қазақстандық уранды Ресей меншігіне ала бастады» дейді сарапшылар.

Қазақстанда уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр. Елімізде уран қорының 12 пайызы шоғырланған. Уран Қазақстанның 6 өңірінде өндіріледі.

«Қазақстан үкіметі елдегі уран өндіретін 13 жобаның тек үшеуіне ғана иелік етеді, қалғандарын шетелдік акционерлермен бірге жүзеге асырады. Кәсіпорындардың көбінде ресейлік «Росатом» акцияларының үлесі басым. Биыл қаңтарда Қазақстан Ресейге тасымалдайтын уран көлемін күрт арттырды», делінген Дүниежүзілік Атом қауымдастығының дерегінде.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449