ОА елдері Ресейге қарсы санкцияға қосыла ма?
Ресей «Орталық Азиядағы бірқатар елге Ресейге қарсы санкцияға қосылуға рұқсат береміз», - деді. Мұны Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мамырдың 16-сы күні «Валдай» пікірталас клубының ІІІ Орталық Азия конференциясында айтты.
«ОА-дағы бірқатар ел тәуекелге баруға дайын емес екенін және Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қосылуы мүмкін екенін ашық айтып отыр... Екіжақты келісімге қайшы келмесе, Ресей ешқай елдің таңдауына қарсы келмейді, (мына жолды таңда деп) бұйырмайды. Алайда Батыс ОА-ны Ресей Федерациясына қарсы қоюға тырысып жатыр», – деді ол.
Галузиннің ойынша, Ресеймен ат құйрығын кесісудің соңы ОА елдері үшін қиынға соғады-мыс, экономикалық зардабы ауыр болады екен.
«Мұны олар жақсы түсінетініне сенімдімін», – дейді РФ СІМ вице-министрі.
Бұған дейін параллель импорттағы тауарлары бар Ресейдің жүк тасымалдаушылары Қазақстанды айналып өтіп бастағанын Ресейдің БАҚ-ы жарыса жазған.
Abai.kz