Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2537 0 пікір 15 Мамыр, 2013 сағат 04:31

«Қолжетімді баспана»: антирейтинг

Тұрғын үй құрылысы шапшаң қарқынмен жүргізілуіне қарамастан Астана қаласының тұрғындары үшін әлеуметтік баспанаға ие болу өте қиын. Антирейтингтің тұрақты орындарына оңтүстік өңірлері (оның ішінде Алматы қаласы) жайғасты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші тармағында еліміз өзін әлеуметтік мемлекет деп айқындады. Осы түсінікті ескере отырып, билік жеңілдікпен/тегін негізде әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматтарға баспана беру жауапкершілігін өз мойнына алады деп тұжырымдаймыз. Дей тұрғанменде, халық арасында іс жүзінде баспана алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы пікір қалыптасқан. Осыған орай, «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі мен «Казпотребнадзор» ҚБ ҚР аймақтарындағы әлеуметтік баспананың қолжетімділігі бойынша антирейтинг жасады.

Сараптау нәтижелері

Антирейтингтің абсолютті көшбасшысы Астана қаласы болып танылды. Бұны бірнеше факторлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, мемлекет астанасындағы халық саны жылдам өсіп келеді. Екіншіден, қалада әлеуметтік баспанаға ие болу құқығы бар мемлекеттік қызметкерлер көп. Үшіншіден, халықтың (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің) құқықтық сана-сезімдері жоғары және жеңілдікпен әлеуметтік баспана алу мүмкіндіктері туралы хабардар.

Ал Астана қаласында тұрғын үй құрылысының шапшаң қарқынмен жүргізілуіне қарамастан әлеуметтік баспананы алу кезегінде тұрған азаматтардың көп болуы үлкен күмән тудырып отыр. Соңғы бес жыл бойы Астана қаласы жаңа тұрғын үй кешендерін салу бойынша абсолютті көшбасшы сатысында тұр. Дегенменде, бұл фактор мемлекеттік коммуналдық-тұрғын үй қорындағы әлеуметтік баспанаға үмітті азаматтардың санын азайта алар емес. Яғни, құрылыстың жоғары көрсеткіштері астана тұрғындарының баспана жеткіліксіздігін шешпей жатыр. Оның үстіне жаңа үйлер босап тұр. Оған қоса, бұл үйлер қалталы азаматтардың өз қаражаттарының сақталу әдісі ретінде қолданылуда.

Сонымен қатар, Астанадағы тұрғын үй бағасы назар аудартады. Соңғы уақытта тек халық ғана емес, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Елордадағы тұрғын үй нарқының  тым қымбат екендігін алға тартты. Оның айтуынша, шынайы бәсекелестіктің жоқтығы мен жер телімдердің қажетті компанияларға сатылуына байланысты осындай мәселе туындауда. Сөйтіп, Елбасы Астана әкімшілігін кейбір құрылыс компанияларының  мүддесін қорғаумен жүргенін айтып  айыптады.

Аталмыш мәселе республиканың батыс аймақтарында да байқалды. Атырау, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында әрбір оныншы отбасы әлеуметтік баспананы алу кезегінде тұр. Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері үш ай көлемінде мемлекеттік коммуналдық-тұрғын үй қорындағы әлеуметтік баспана кезегінде тұрған азаматтар туралы ақпаратты бермеді. Сондай-ақ, осы ақпарат облыс әкімдігінің ресми сайтында да табылмады. Мұндай фактілер сұрастырылған ақпаратты әдейі жасыруды жанама түрде айғақтайды. Осыған орай, бұл аймақтағы кезекте тұрған азаматтардың саны көп деп қорытындылауға болады.

Рейтингтің келесі орындарына солтүстік және орталық аймақтар: Қостанай,  Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасты. Бұл аймақтағы тұрақты жағдайдың орын алуы демографиялық сипаттамалармен түсіндіруге болады. Аймақта бала туу көрсеткішінің төмендігі және халықтың жиі Ресейге көшу үрдісі байқалып отыр. Сондықтан да аталған аймақтарда әлеуметтік баспананы алу кезегінде тұрған азаматтар саны төмендеп келеді.

Орын

Аймақ

Баспана кезегінде тұрған отбасы (адамдар) саны

Халық саны

Кезекте тұрған азаматтардың үлесі

1

Астана қаласы

25 762

778083

7,55

2

Атырау

13 931

555198

9,96

3

Батыс Қазақстан

14 306

617779

10,80

4

Ақтөбе

18 311

796130

10,87

5

Қостанай

19 500

880109

11,28

6

Павлодар

13 000[1]

749154

14,41

7

Ақмола

11 318

732947

16,19

8

Солтүстік Қазақстан

7 885

579636

18,38

9

Қарағанды

15 638

1363264

21,8

10

Қызылорда

8 000

726781

22,71

11

Шығыс Қазақстан

15156

1393964

22,99

12

Алматы қаласы

14 173

1475579

26,03

13

Алматы

14 604

1946627

33,32

14

Жамбыл

6 576

1070239

40,69

15

Оңтүстік Қазақстан

8 091

2678335

82,76

Маңғыстау

568086

Республиканың оңтүстік оңірлері мен Алматы қаласы антирейтингте тұрақты жағдайларын көрсетті. Осы аймақтардағы кезекте тұрған азаматтар саны Астана қаласындағы санмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мұны ауыл халқының басымдығымен және   әкімшілік кедергілермен байланыстыруға болады.

Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік баспана кезегінде тұрған азаматтар саны туралы ақпаратты алу ағымдағы жылдың 30, 31 қаңтарында облыстық әкімдіктерге хат жолдау арқылы жүргізілді. Қазіргі заңнамаға  сәйкес сұрастырылған ақпаратты 15 күн ішінде беру қажет. Ал қозғалған мәселе қосымша талдауды қажет етсе, онда жауап бір ай ішінде  берілуі қажет. Дегенменде, Заң талаптарына сай 16 әкімдіктің тек 9-ы ғана уақытылы жауап қайтарған. Сөйтіп, азаматтық қоғам алдында әкімдіктердің ашықтығы бойынша «жасыл» тізімге мынадай облыстар кірді: Қостанай, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола (аталмыш аймақтар хатқа 15 күн ішінде жауап қайтарды), Алматы қаласы мен Алматы, Оңтүстік Қазақстан (30 күн ішінде).

Үздіксіз қоңырауларға қарамастан, тиісті сауалға жауапты бермеген аймақтар «қызыл» тізімге енді. Олар: Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары. Үш ай бойы Маңғыстау мен Павлодар облыстарының жауапты қызметкерлері уәде айтумен болса, Қызылорда облысының жауапты қызметкерлері сөйлесуден жалтарып отырды. Бұл әкімдіктердің үкіметтік емес ұйымдар сауалдарына деген қатынасы. Бұдан қарапайым халықтың сауалдарына деген қарым-қатынасының қандай екенін байқауға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407