Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Дін 2362 1 пікір 29 Мамыр, 2023 сағат 11:36

Үш ана

Діндар жан тірі Құран арқылы Алламен тілдесе алады. Бұл тұжырым; «Раббыларың бұйырады; Маған дұға етіңдер, жауап берейін» («Ғафыр»,60) -деп Құранда мөрленген.

Біздің шаңырақ отағасы діндар жан, Хәләм ілімінің иесі. Ғайыптан қабылдаған көптеген іліми кітаптары белгілі ғалымдардың алғы сөзімен жарық көріп, оқырмандар ықыласына бөленген. Отағасының осы ғайыппен байланысу жұмыстарына көмектесе жүріп мен де шапағатқа бөленіп, қыздар тәрбиесіне байланысты - сый «Ана кітабын» ғайыптан  түсіріп алып, баспаға дайындап отырмын. Сол кітабыма өз ілімдерін  түсірген, қазаққа белгілі тарихи тұлға аналардың өздері жайлы кітап беташары ғайып хабарын дұға етіп баспасөз бетінде жариялағанды жөн көрдім.  Дұға – Рахметтің кілті. Бұл кісілер түсірген ілімін Алла қаласа алдағы уақытта кітаптан оқисыздар.  Алла Тағала; «Маған келетін тура жол – дін жолы» («Хыжыр»,41) -деген. Қабыл алыңыздар.


ДОМАЛАҚ АНА

Алла тағаланың адам баласына беріп жатқа дүниесінің бәрі сертімді. Бәрі сертімді. Өйткені Өзі жаратқан дүниенің бәрі Алланың  дүниесі, басқа ештеңе жоқ, бүтін Алланыкі.  Ассаламу  уа  алейкум. Ондай болса Алла тағала бүгін маған ілім есігінде Домалақ Анаға деп жақындатып беріп жатқан кітабы құдайдың қалауы.

Домалақ Ана кім? Ол да пайғамбарлар сияқты адам. Ол да дін сүйген, дін таратқан, дінмен дүниеге келген, дінмен бала шағасын баққан ана.  Ол үлгіні кімнен алды. Тікелей Алладан. Алланың берген сый құрметінен алды. Алла тағала ол құлын ерекше ұстады. Себебі, Жаратқан ием ол анаға өзінен ілім алған Ғызырды қосты. Домалақ Анаға ілім алған Ғызырды қосады. Себебі, Жаратан ием о баста Адам Атаға діни ілімді беріп бастаған кезде, Хауа Ана ілімді артығымен білу керек екендігін ескертіп,  жерге түскен соң 300 жылдан кейін барып ол ілімді Хауа Анаға діннен шығып кетпейтіндей шегелеп, тағалап берді. Тәңірім Адам Атаға берген ілімін Хауа Анаға солай жеткіз- деді. Екеуің соны бүтін алып тағайындаңдар- деді. Енді осы сияқты Домалақ Анаға Алла тағала Ғызырды қосты. Ғызыр ілімшіл. Алланың таңдаған ең соңғы да, алғашқы да ілім алған құлы. Сондай құлды Алла неге басқа пайғамбарлардың жанында жүргізбеді, әсте құранда айтылғандай Мұса пайғамбар жүргенде де оның жанында жүре алмай қалды ғой. Мұса үш дүркін ілімнен кейін бас тартты.

– Мен жүре алмайды екенмін, мүмкін емес, Мен адам болсам да маған сендей қасиет дарытса да, мен бұған шыдай алмаймын. Менің жартылысым бұған көнбейді- деді. Сөйтті де екеуі қоштасты. Құранда Алла сүйтіп жазады. Ал енді Алла тағала Ғызырды Домалақ Анаға қосты.

– Дос қылды.

– Екеуі дос болса, онда Домалақ Ана кім? Мұса үш-ақ іліміді көрген болса, Домалақ ана Ғызырдан сансыз ілімді алды. Ол діннің қойнауында, діннің сұлулығында болды. Ондай болса ол да Мариям Ана сияқты дінге жақын, Алланың құлы болды. Иә, Мариямды Алла тағала аналардың ішінде асылы қылып жаратты. Ол Құдайдың оған берген рахметі. Себебі, оны Тәңірден анасы сұрап алған еді. Ал енді Ғызыр ғалейкум уа саламды Домалақ Анаға қосу себебінде бүгінгі ілім, бұл ілім сенің білім жолында әйел заты қандай болу керек екендігін жеткізеді. Алла тағала бүгінге дейін еркекке дінді силаған болса, әйел затына ілім алғанды силады. Ондай болса бұл анаңды о баста Алла өзі таңдаған екен. Адам Атаға дінді сый етіп берді де, оны Хауа Анаға үйреттірді. Ұмытып қалмас үшін Ғызыр ғалейкум уа саламды кімге қосты, Домалақ Анаға, жанына дос қылып берді. Ғызырдың жанына ертіп жүретіні – Бақ... Өйткені, аңқау мінезді Алла жіберген, Алланың өзі осы адамға дарыған Бақты Ғызырға жіберсе, иә Ғызыр алдын ала бақты қабыл алады, иә баққа қосу үшін Ғызырға Алла ілім береді. Ондай болса Домалақ Ана кім? Бақ! Бақ!!!

Ол ананың бойына дарыған барлық қасиет, ол кәдімгі ақыл. Бүгін сендер ол ананың ақылдылығын айтып паш етесіңдер. Әсте сендер оның Бақ екендігін айта алмай отырсыңдар. Біріншіден осы болса, екіншіден дін екендігін тағы да жеткізе алмай отырсыңдар. Сондай дінді таза ұстаған адамның ұрпағы екендігін, соған сай емес отырғандарды да сендер жеткізе алмай отырсыңдар. Жеткізе алатындар да бар шығар. Ол өтіп кеткен- деп отырған дүние ме. Домалақ Ана кеткенімен де оның ұрпақтары қалды емес пе. Домал Анаға ұқсас жер жүзінде мұсылман аналар отыр емессіңдер ме?

Ондай болса бүгінгі сенің тіліңде Домалақ Ананың ілімі терең. Ақылдылығында шек жоқ. Байсалды да сабырлы. Қиындықты басынан кешірген, халқының тілеуін тілеген, қыз атты жаратылыстың бәріне «бақытты болады» - деп айтып келген ана. Ол адамға біріншіден өзінің отағасына жағудың амалын үйретті Ғызыр. Ұйтқы болуды. Мейірімділігімен, ақылдылығымен, өте терең сабырлығымен. Ол адамға деген, күйеуіне деген жанашырлығымен, оғанға деген ақылына ақыл болып қосылумен ғана, ол паш етілді. Бүгінге дейін пайғамбар не дейді, әйел заты пайғамбарлықты алмайды, ала алмағанда. Алла тағала не деді адам баласына, «әйел баласын алғанда ол діндар болсын- дейді. Себебі, ерде тұрған дінді ол былғамау керек. Керісінше өндіру керек. Ол отырса оң жағында періште отыратын, сол жағындағы періштемен сөйлесетін, басқа да алдын ала ескерту алатын, Ғызырдан сұрап алса да, дүниеге таласы жоқ, дүние қоңыздықпен ізденуден бас тартқан жан Домалақ Анаң. «Бүкіл мұсылман әйелдері өзімнің анам» - деп сөйлеп тұрғанда осы кісідей болуы хақ. Аңыз емес.

Қатты тасқын болып, тау тас төгілгендей болып, апат болатындай болып, жер дүние жерге түсіп кететіндей болып бір қорқыныш келгенде ол адамның бойындағы сабырлықта бір айтқан сөзі «Е, Аллам. Мың да бір рахмет саған» деген.

– Соның өзінде

– Соның өзінде. Иә, Алла, осыныңа рахмет. Ол Алланың беріп жатқан барлық көрінісінен, жақсылығынан да, сынағынан да Алланы көре білді. Алланы көре білді. Нәпсіні жеңе білді. Ондай болса басына түскен, әйел затының басына түскен тауқыметтің бәрін ол Алладан деп қабыл алды да, бойындағы тәрбиенің бәрін сөйтіп ұрпағына   берді. Осыған көзіңді ашқан Аллаға разы болғын. Ілімің құтты болсын. Қабыл болсын. Ассаламу  уа алейкум.

ҚАРАШАШ АНА

Енді Қарашаш Ана, оның Домалақ Анадан жасы үлкен. Жасы да, өмір сүру уақты да үлкен. Бірақ Қарашаш Анаға Алла тағала Ғызырды бермеді. Мариямның анасы не деп айтты; «Е, Алла тағала, мен ұл туамын, сол ұлым саған құл болып туылсын»- деп тілеймін. Сол туылған кезде мен сенің нағыз құлың қылып тәрбиелеймін - деді. Сөйтті де ол қыз туылғанда, ол; «Иә, Алла тағала, мен қыз туып қойдым» - деді. «Сенің қыз туғаныңды біліп тұрмын ғой» - деді Алла  тағала. «Бірақ, осы қызды да тәрбиелеймін, осының ұрпағынан пайғамбар бер» - деп сұрады. Қызымды да иманды етіп тәрбиелеймін - деді. Ондай болса, дінгегінен діні кетпесін - деді. Қарашан Ана Аллаға осындай дұға салған аналардың бірі болды. Бұл кісі Алладан сұрағанда «Иә,Тәңірім, мына менің ішімнен шыққан ұрпақты да, оның ұрпақтарын да одан әрі терең кетіп жатқандардың бәрін діндар ете көр- деді. Алла сенің ризашылығың үшін, Сенің дініңді қорғауда қаруы болсын. Сені мадақтарда кітабы болсын, сенің көрсетерге игілігің болсын, Алла сені сүйерде асылым болсын- деп бата қылды. Алладан ол тілек  тілеген адам. Ол отырса да, тұрса да, барлық баласының қылығы, сөзі, тынысы, оның барлық адам баласына беріп жатқан жақсылығының өзі де ол ананы сондай дүниеге ғана ұсталған еді. Ол адам тәбарік алғанды ұнататын. Үлкен кісілердің жолында сондай кісілерге мәртебе көрсеткенді, үлкен кісілерді силағанды ұнататын ол адам. Сол себепті ол дінді қатты сүйген. Еңреп жылап Аладан тағызым етіп сұрайтын жан болған.

– Алла кешірсін, мен кіммін, мен кешіремін - деп айтатын. Ондай болса бұл кісі қандай адам? Алла тағалаға дұғасы жеткен, қабыл алған асыл ана. Ондай болса осындай аналардың тілегі әр адам баласына қабыл. Кетерде де жер көктен сұрап алу; «еліме, жұртыма, бақ бер» - деу. Қыздарымызды нұрландыр Алла, әр қайсысынан сені сүйген құлдар дүниеге келсін» - деп сұрап кеткен аналар.

–  Тәбәрік алу деген не?

Тәбарык алу деген адам баласы бойындағы ерекшелік қасиет. Жақсылығын бүгін көрген соң, тірлігінде қайта қайта есіне түсіру үшін, бір дүниесін алады. Бала мінезді жан болған. Бүгін сен ол кісіге бата беретін болсаң, сенің бір затыңды сый қылып алып, сол батасына разы болатын жан. Сый алу. Сол адамның бір дүниесін сол адам арқылы алу. Оны ол жақсылардан ғана алған. Алланың сүйген құлдарынан алған. Есінде сақтау үшін. Себебі бұл адам расында да адам баласы ұмытып кетпес үшін жолды өзіне түзету үшін қойған. Құдайға сиынған жан, разымысың. Одан кейінгі ілім?

– Пір Ана Батыма.

ПІР БАТЫМА АНА

Пір Ана. Пір деген барлық заңдылықты Алланың қалауымен орындаған жан. Алланың қалауымен орындаған жанды Пір дейді. Алла ол адамды таңдаған. Ондай болса  Пір Батыма (Аналар босанар кезде қиналып жатып, Пір Батыма Анадан көмек сұрайды. Өмірге келген сәбидің құйрығында көк дақ сол ананың соққан саусағы мен жасаған көмегінің белгісі)  бұл Алла тағала о бастан Хауа Анаға қандай жолды тілеп берді, сондай жолды қабыл алған жан. Ондай болса құдайға өте жақын, ана жүрегіне барынша дінді сидырып, сол шапағатын өлгенде де тарқатып кете білген адам. Пайғамбар емес. Пайғамбардың да мінезінен көркем мінезді жан.

«Паш шіркін, осындай да аналар бола ма екен»- дейтін шығарсың. Осындай аналардан биік Алла емес пе. Соны мойындаған адам кім? Пір. Оған Алла тағала күллі қасиетін ілімнен де артық қылып қазына етіп берген. Ол Алла тағаланы әр кезде сезіп, Тәңірімен сөйлесіп, бар тілегі қабыл болған жан. Құдайға көрінші- деп айтпаған адам. Таза тақуа.

– Пір Ана мен Хауа Ананың жақындығын айтуға бола ма?

– Сеніңше жақындық- деген мәселе не?

– Бәріміз Хауа Анадан тарадық қой. Қазір қай рухпен сөйлессем де, бәрі алдымен Пір Ананы силайтындарын айтады. Демек, оның өмірге келуі де ертеден басталады ғой.  Хауа Анаға жақындығы деп отырғаным...

– Ілім, сұрағың - ілім. Қабыл алдым. Хауа Анадан, Ассаламу  уа алейкум, қабыл болсын, ілім адамнан тез жүреді, айтқан ойың Хауа Ана Алланың аманатын бұлжытпай орындаған адам. Пір Ана сол Хауа Ананың айтқанын бұлжытпай орындаған. Енді екеуінің Аллаға жақындығынан айырмашылығы бар ма? Ол - соның  ұрпағы. Сол Аллаға жақындығын, Аллаға жақын сеніммен Құдайға деген құлшылығын өмір бойы кешір- деп жылаған себебінен де Жаратқан ием оған ахиретке дейін Ғызыр сияқты қасиетті дарытқан. Бірақ, Пір Ана Ғызыр сияқты - ілім емес. Ілім алған емес. Ол құдайды шын сүйіп қорыққан адам. Жақындығын енді түсіндің бе?

– Бірақ Ғызырдан ілім алды ғой.

– Пір Ана тікеден тік Хауа Ананың бергенін орындаған, құдайды шын жүрегімен, айтқанымен сенген, түсінген, ұққан адам. Ілім - ол ерекше ғалымдарға діни ұстанымдағы ақыл иелеріне  берілетін дүние. Ақыл иесі дегенде Хауа Ана да ақымақ емес, Хауа Ана орындаушы құл. Пір Батыма да соны орындаушы, мойындаушы құл. Ал Ғызыр ерекше ғалым иелеріне ілімді орнымен апарып беруші. Оның да өз орыны бар. Ал енді сол ілімге кім жақын, Домалақ Ана жақын. Айырмашылығын бір құдіретті Алла ғана біледі. Әсте, екеуі де биік деңгейде. Ал, Қарашаш Ана ұрпақ сұраудан биік деңгейде. Ондай болса үш ананың сендер ұрпағысыңдар. Соған сай өмір сүрулерің керек. Бүгінге ілім қабыл болсын, Ассаламу уа алейкум.

ТҮЙІН

Құдіретті Алланың сендерге берген ілімі. Бұл ілім  шашылмай төгілмей сіңімді берілді. Тұжырымы; таласу, ғалымдармен сөйлесу, қай аятты ашсаң да құл, Құдай саған жауабын беріп тұрады. Барлық берген ілімнің жауабы күллі аяттарда бар.

– Үш ананың да ілімі жақсы болып тұжырымдалып келді ғой, сұрақтар да бар. Алдағы уақытта сұрармыз.

– Үш ана ілімінде олардың өмірлеріне  байланысты, сұрақсыз да олар қалай өмір сүрді мәселесінде Алла кітаптарын жалғастыруда, разымысыңдар.

– Қабыл алдық.

– Құдіреті күшті құдай сендерге айтып жатыр, әр құл Алланы айтып өмір сүрсін- деп. Қазір ешкім таласпайды. Алланың қалауымен өмір сүріңдер. Замандарыңа сай құранға жақын жүріңдер. Садақаларыңды беріңдер. Кең шексіз дүниеде жақсылық жасаңдар. Бұл, көктен Алланың сендерге бергені Ассаламу  уа алейкум.

РУХ ТІЛЕУІ

Сіз кітап сұрап отырғанда тікелей түсіп жатқан дүние тез кетіп қалады. Сізге шапшаңдық керек, құйып алып үлгеру керек. Осы орынды салып жатыр.

Екінші, Аналар ілімін алып отырғанда дастарқаныңызда құйрық май,  жеті шелпек нан тұрсын. Қызыл дастархан жайылсын, рух тілеуі. Бұрынғы кезде бұндай ілім алғанда күміс ыдыс  тұратын дастарханда. Негізі адам баласы шайды күміс ыдыспен ішуі керек. Оны да құрттыңдар. Пір Аналардың бәрі күміске шай құйып, күміспен ас ішкен. Бала да, шаға да күміс ыдыспен ішкені жөн. Болмаса қыш ыдыспен. Құдіреті күшті Құдай қолдап жатыр, Алла разы болсын. Алла өз құлдарымен ісін бастап жатқанда сабырлы болыңыздар.

Ғайыптан қабылдаған Зубайра Айнабекова

Abai.kz

1 пікір