Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1374 0 пікір 30 Мамыр, 2023 сағат 15:14

Былтыр «Қазақтелеком» 600 млрд теңге табыс тапқан

Былтыр «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 600 млрд теңгенің кірсін көріп, соның алтыдан бір бөлігін жаңа құрылыстарға жұмсаған. 

Бұл туралы «Қазақтелеком» акицонерлік қоғамының Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов мәлім етті.

«Компанияның инвестиция салған капиталының көлемі өте үлкен деуге болады. Оның негізгі бөлігі жаңа құрылыстарға бағытталып жатыр. Мысалы, биыл 130 мың GPON портқа ақша салмақшымыз. Бұл негізі үлкен инвестиция болып есептеледі. Былтыр осы салаға 100 млрд теңгеден артық ақша салдық, оның алдында 90 млрд теңгеге дейін жұмсағанбыз. 2023 жылы инвестиция көлемінің кіріске қатысы айтарлықтай жоғары болады. Өйткені 5G технологиясы бойынша инвестициялық кезеңге өтіп отырмыз», - деді ол ұлттық компанияның 2022 жылғы жұмысын талқылаған қоғамдық кеңес отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Сондай-ақ, «Қазақтелеком» өкілі акционерлік қоғамның жылдық кірісін атады.

«Алдымызда жаңа міндеттемелер пайда болды. Инвестиция көлемі былтырғыдан сәл жоғары болады. Бұл шамамен 100 млрд теңге деген сөз. 2022 жылы кірісіміз 600 млрд теңгеден астам болды», - деді Нұрлан Мейірманов.

Сурет: Total.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5957