Сенбі, 23 Қараша 2024
1496 0 пікір 30 Мамыр, 2023 сағат 15:34

Кәрім Мәсімовты қамауда ұстау режимі жеңілдетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын қамауда ұстау режимі жеңілдетілді.

Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары алғаш рет сотталғандар санатына жататындықтан, жазасын орта қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады.

«Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде бұрын сотталғандар отырады. Қылмыстық кодекстің 62-бабына сәйкес, үкiм шыққанға дейiн қамауда ұстау уақыты ескерiледi. Орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бір жарым тәулік отыру бір тәулікке есептеледі», - деді ведомство өкілі Қайрат Асыл.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 24 сәуірде Кәрім Мәсімов мемлекетке сатқындық жасау, билікті күштеп басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану баптары  бойынша 18 жылға сотталды. Оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов 16, Дәулет Ерғожин 15, Марат Осипов үш жылға сотталды.

Сурет: Кантар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345