Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3701 0 пікір 21 Мамыр, 2013 сағат 13:19

«Медикер» - электронды медициналық карта жүйесін енгізіп жатқан ең алғашқы жекеменшік медициналық компания

Қазіргі қоғам жаппай «электрондандыру» заманын бастан кешіп жатыр. Соңғы уақытта «электронды үкімет», «электрондық-сандық қолтаңба», «электронды құжат», «электронды кітап» деген сөздерді жиі естиміз, оларды күнде пайдаланамыз. Бір жағынан бұл сәнге айналған жаңа үрдіс боп көрінгенімен, оның пайдалы тұстары да аз емес. Мәселен, электронды құжат алмасу жүйесі қоғам өмірінің негізгі салаларына толығымен енгізіліп жатыр. Ал ақпараттық-инновациялық технологиялар медициналық қызмет көрсету жүйесіне тіпті қажет. Соның ішінде  электронды медициналық картамен жұмыс істеудің тиімділігі зор. Оған алыс-жақын шетелдердің тәжірибесі дәлел бола алады.

«Медикер» медициналық сервистік компаниясы - электронды медициналық карта жүйесін енгізіп жатқан Қазақстандағы ең алғашқы жекеменшік медициналық мекеме. Компания қызметінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынып жатқан бастама. Енгізіліп жатқан жаңалық бірінші кезекте дәрігерлерді артық қағаздан құтқарып, уақытты үнемдеуге ықпал етеді. Ал ақпараттық-инновациялық технологияның басқа қандай артықшылықтары бар екенін «Медикер» компаниясының Астана қаласындағы «Медикер» медициналық орталықтары» филиалының директоры Жанна Тәниевадан сұрап білдік.

- Жанна Маратқызы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасына сай медициналық мекемелерге науқастардың электронды медициналық карта жүйесі енгізілуі тиіс. «Медикер» компаниясының қолға алған бастамасы осы бағдарлама аясында жүргізіліп жатыр ма?

- Медициналық қызмет көрсету жүйесіне электронды медициналық карта енгізуді «Медикер» компаниясы өз ынтасымен іске асырып жатыр. Өйткені бұл заман талабы. Оның мемлекеттік бағдарламағада кірген себебі де сол. Біз бұл жүйені әуелі Астанада жаңадан ашылған «Медикер-Көлсай» медициналық орталығында қолданғалы отырмыз. Оның жұмысын біз бір жыл бойы жіті қадағалап, сынақтан өткіземіз. Нәтижесі ойымыздан шықса, жүйені еліміздің 14 облысын қамтитын «Медикер» желісінде толықтай пайдаланамыз.

- «Медикер» медициналық сервистік компаниясы желісіне енгізілетін ЭМК-ның ерекшелігі неде?

- Электронды медициналық картаның түр-түрі болады. Өйткені әр мекеменің атқаратын жұмысы бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, «Медикер» компаниясы негізінен сақтандыру желісімен тіркелген адамдарға қызмет ететіндіктен электронды медициналық карта жүйесі сақтандыру бағдарламасының талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Сондықтан «Медикер» үшін арнайы модульдер құрастырылды. Жүйеде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жұмыс жүргізуге болады. Оған қоса адами факторлардың әсерінен кететін дәрігерлік қателіктерді болдырмау үшін электронды медициналық карта жүйесіне ақпараттық база орнатылған. Жүйе жадысында сақталған ақпаратты дәрігер кез-келген уақытта пайдалана алады. Оның ішінде қандай дәріні, қандай мөлшерде қолдану керектігі жайлы ақпарат бар. Сонымен қатар жүйе ем-домның берілген түрі науқастың ауру белгілеріне сәйкес келетінін-келмейтінін өзі қадағалап отырады. Егер де маман науқасқа дәріні байқаусызда шамадан тыс мөлшерде жазып беретін болса, жүйе оны түзетіп, қателігін көрсетеді.

- Дәрігер үшін ЭМК несімен пайдалы?

- Біріншіден, амбулаторлық картаны толтыруға аз уақыт кетеді. Қазір оны компьютерде теруге болады. Оның жеңіл болатын себебі -  жүйеде аурудың әрбір түріне тән симптоматикалық шаблондар енгізілген. Дәрігер сол нұсқаларды таңдап, әр науқастың денсаулық ерекшелігіне қарай қосымшалар енгізуі мүмкін.

- Науқас үшін ЭМК несімен пайдалы?

- Бұрын науқас емханаға келген уақытта ең алдымен тіркеу бөліміне барып, медициналық картасын іздеп тауып, одан кейін дәрігерге кіру үшін кезек алатын еді ғой. Электронды медициналық карта жүйесі енгізілген соң мұның барлығы жеңілдетіледі. Біріншіден, науқас Интернет арқылы дәрігерге баратын уақытын алдын-ала белгілеп қояды. Осылайша емхана дәліздеріндегі ұзын-сонар кезектерден арыламыз. Екіншіден, «Медикер» қызметіне жүгінген науқастардың медициналық картасы орталық базада сақталады. Желіге «Медикердің» Қазақстан бойынша орналасқан орталықтар мен филиалдар қосылатын. Сондықтан науқас бүгін Астанада, ертең Алматыға барып көрінемін десе өз еркі - «Медикер» дәрігері оның денсаулық тарихын кез-келген жерден қарап көре алады. Бұл іссапарға жиі баратын немесе отбасы мүшелері әр қалада тұратын клиенттеріміз үшін өте ыңғайлы.

Электронды медициналық картаның иесі сол картадағы ақпаратты ала ала ма?

-  Әрине, бірақ карта - медициналық құжат, ондағы ақпарат тек дәрігер үшін қажет екенін ескерген жөн. Алайда жүйе кез-келген науқастың медициналық картасын көшіріп, басып бере алады. Ол үшін науқастың өзі келіп, өтініш жасаса болғаны.

Осылайша «Медикер» компаниясы медициналық қызмет сапасын жоғары деңгейге көтеруді көздейді. Оның бір жолы ақпараттық инновациялар. Инновация дегеніміз - еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратын іс. Бүгінгі заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру арқылы компания дәрігерлер мен науқастардың жағдайын жасаумен қатар еліміздің әлемдік қоғамдастықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру ісіне өз үлесін қоспақ.

Айсамал Әбілхан

«Медикер» медициналық сервистік компаниясының баспасөз хатшысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345