Дүйсенбі, 13 Қазан 2025
2069 1 пікір 1 Маусым, 2023 сағат 12:52

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек жариялады

Құрама Штаттар Украинаға әскери көмек аясында 300 млн доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі стратегиялық коммуникация жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте хабарлады.

Жаңа пакетке орын ауыстыруға ыңғайлы Stinger зенитті зымыран кешендері, Avenger әуе қорғаныс жүйесі, AT-4 танкке қарсы жүйе, 30 миллионнан астам оқ, аумақты миниадан тазартатын құрылғы, дрондардың құрал-жабдықтары, нысананы дәл көздейтін авиация жарақтары, артиллерия мен танк снарядтары, Patriot әуе қорғаныс кешенінің және HIMARS реактивті кешенінің жабдықтары енді.

Құрама Штаттар Украинаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұрыс жүргізуге қажетті сұранысын орындау үшін өз одақтастары мен әріптестерімен жұмыс істеуді тоқтатпайды деп хабарлады Пентагон.

Бұның алдында Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Украинаға көмегі 37 млрд долларға жеткенін айтқан.

Сурет: centralasian.org

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 855
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10002