Сенбі, 23 Қараша 2024
Әліпби 2080 7 пікір 9 Маусым, 2023 сағат 13:33

Аудармашылар қауымдастығы құрыла ма?

Неге? Енді айтқан ойымызды нақтылайық. Бізді тілдік тұрғыдан екіге бөлу ылатын жазуын тек қазақ тілділерге қатысты бөлектеуден басталды да. Нәтижесінде қазақ тілділер qwerty-шілер мен дәйекшілерге бөлініп шыға келді.

Бұл бір проблема және нәтижесінде бітіп болмайтын 3 ұлттық әліпби қабылданып үлгерді. Әлі қаншасы қабылданатыны белгісіз. Бұдан шығудың жолы орыс тілділерді де ылатынға көшіріп, «Бір ұлт бір жазу» концепциясын қазақ қоғамындағылардың санасына сіңіру қажет.

Бұның бәрі КСРО кезінде барлық ұлттарды гүржі мен әрменнен басқасын ылатынға көшіретін ылатын әріпі орыс тіліне де Яковлев әліпбиінің болғандығын орыс тілді отандастарымызға түсіндірмеу қоғамды екіге жарды. Орыс тілділерге арнап 42 әріпке әріпке негізделген ылатын жазуы керек. Ол қоғамда талқылануға тиіс.

«Бір ұлт бір жазу концепциясы» аясында РФ, өзбек, ханзу, түркімен және маңғұл елдерінде тұрып жатқан қазақ тілділерді қолдайтын «Бір алаш түрлі мемлекет» атты мәдени-ағартушылық қозғалыс құрылуға тиіс.

Тіліміздің орфоэпиялық ерекшілігінің ұлттық аудармада бір ізге түсуін   өзбек, ханзу, түркімен және маңғұл тілдерінен аударма жасап жүрген өзге елдегі алаш аудармашыларымен бірлесіп, 28 дыбысқа негізделген Тіл Ірепормасын жасап, болашақ ылатынға қиналмай көшу үшін қазіргі кірілді 28 әріпке негізделген ұлттық жазуға айналдыруды осы бастан қолға алуға жағдай жасау.

Аударма тілі жолға қою үшін орфографияға бағынбайтын заңдылықтар барлығын қазақ қоғамына ұқтырып, түп негізгі грек пен ылатындық сөз алды, сөз соңы жұрнақтарын тілімізге бейімдеудің жолын аудармада жүрген тәржімашылар болып қарастыру бағытында жұмыстар жүргізілсе, көп нәрсе оңалады.

Қазақ тілінің басты ерекшілігінің бірі қазақ сөзінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді, бірақ, какао, коала... сияқты сөздер тілімізге еніп кетті. Бұлар тілімізге қалай бейімделеді?

ң, е, и, у, л және р дыбыстарынан сөз басталмайтынын және жуан мен жіңішке дауыстылардың бір сөздің бойында ұшыраспайтынын ескеріп, е, и, у, л және р дыбыстарынан басталып сөздіктерге кіріп кеткен орыс тілі арқылы енген терміндерді жаппай қазақша әуезеуге көшуді тәржіма ісінде қолға алу.

Ең бастысы қазір қазақ аудармасындағы пуристер (қылтимашылар//самалдықтар) мен жәдитшілер (28 дыбысқа негізделген орфоэпиялық ерекшілік бойынша сөз қабылдаушылар: пәдіиез/бәлкөншілер) арасында ұлттық түсіністік ахуалын қалыптастыруға қол жеткізу.

ҚХР аудармашы ағайындармен бірлесіп «Шәкірт» баспасын құруға талпыныс жасауға кіріссек, әсте тәш болар еді. Серік Ерғали ағамыз барын салып жүрген аудармашылар қауымдастығы құрыла ма? Бұл сауал енді уақыттың еншісінде.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379