Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 2982 8 пікір 9 Маусым, 2023 сағат 14:07

ҰҚШҰ жиыны һәм Лукашенко: Қазақстанға қауіп төніп тұр!

Кеше Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларымен кездесті. Бұл туралы Беларусь Республикасы басшысының ресми сайты хабарлады.

Жағынан жаңыла беретін Беларусь президенті бұл жолы да қашанғы әдетінше, АҚШ пен Батысты айыптап, Ресей мен Беларусьяны сүттен ақ, судан таза қылып көрсеткісі келді.

Сонымен қатар, Лукашенко Қырғызстандағы кейінгі жағдайлар туралы сөз қозғап, Қазақстанды да тілге тиек етті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ҰҚШҰ елдерінің қауіпсіздікті нығайту саласындағы диалог мәселесі бұрынғымен салыстырғанда тіпті өзекті екен. Өйткені бүкіл әлемнің тынышы кетіпті: Кавказ бен Орталық Азия, Украина, Польша мен Балтық елдері де бейберекет тірлік кешіп жатыр. Бұдан соң ол Қырғызстанға ерекше тоқталып өтті.

«Жарайсыңдар жігіттер! Қауіпті элементтерді жөргегінде тұншықтырдыңдар. Бұл құрметтеуге тұрарлық іс!», – деді ол.

Белбасы Қазақстанға да қауіп төніп тұрғанын айтқанымен, нақты қай тараптан болатынын атамады.

«Көрдіңдер ғой, бұққан сайын сұғып жатыр! Тарт қолыңды Қырғызтаннан! Олар аяқтан тұрып келе жатқан ел. Дами берсін. Қырғызстан дамыса, кім неден ұтылады? Ешкім! Соған қарамастан олар оны қысып жатыр. Қырғызстандағы жағдайларды тектен-тек жасап отыр деп ойлайсыздар ма? Жоқ. Олар Қырғызстан арқылы Қазақстанды, Ресей арқылы Қытайды көздеп отыр. Әсіресе, Қазақстанға тыныштық бермейді», – деді Лукашенко.

Естеріңізде болса, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті алдымен жаппай тәртіпсіздік жасап, кейін билікті басып алмақ болған күдіктілерді ұстағанын хабарлаған еді.

Ведомство қылмыстық топтың жыл бойы ел аумағындағы наразы азаматтарына өз қатарына қосып отырғанын айтқан. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы және идиологы – азаматтық белсенді, «Ел Кеңесі» саяси партиясының төрағасы. Қырғызстан ҚМК дерегінше, ұйымдасқан топқа қоғамның түрлі салалары мен Қырғызстанның аймақтарынан 100-ден астам адам тартылған және әрқайсысына жеке-жеке міндет жүктеген.

Құқық қорғау органы олардың шетелден қаржы алу мүмкіндігі жөнінде мәлімдеді.

Еске салайық, 2023 жылдың қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметін Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі және Премьер-Министрі Иманғали Тасмағамбетов атқарады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377