Абай облысындағы өрт: Жағдай әлі қиын...
Абай облысындағы өрттен туындаған жағдай әлі қиын болып тұр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
- Абай облысындағы жағдай әлі де қиын. Апат аймағында Төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге құқықтық тәртіпті қорғау органдары мен Ұлттық ұланның қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындарды эвакуациялағаннан кейін полиция иесіз қалған үйлерді күзетіп жүр. Сол үшін Бородулиха ауданына қосымша күш жіберілді, – деді аға инспектор ІІМ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, олар аудандағы көлік қозғалысын реттеп, төтенше жағдай режимінің сақталуын бақылауда.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Абай облысында болған алапат өрттен қаза тапқандарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Абай ауданындағы өртенген жердің көлемі әлем бойынша ең ірі табиғат өрті болып саналады. Өрттің салдарынан «Семей орманы» қорығының 14 жұмысшысы қаза тапты.
- Тілсіз жаудан қаза тапқандардың жақын туыс-жұрағатына көңіл айтамыз, - деді ІІМ өкілі.
Abai.kz