Сенбі, 23 Қараша 2024
1167 0 пікір 12 Маусым, 2023 сағат 13:53

Қырғызстан: Бакиев тағы 10 жылға сырттай сотталды

Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев Құмтөр алтын кенішіне коррупциялық зиян келтіргені үшін он жылға бас бостандығынан айырылды. Осылай деп Бішкектің Бірінші май аудандық соты хабарлады. 

Ол осыған дейін еліне сатқындық жасады деген айыппен 30 жыл мерзімге сырттай сотталған.

Құрманбек Бакиев 2005 жылдан 2010 жылдың сәуір айына дейін Қырғызстан президенті болды. Ол Асқар Ақаевқа қарсы "Қызғалдық революциясынан" кейін билікке келіп, 2010 жылдың сәуірінде болған революция кезінде тағынан кетті.

Ол Беларусь астанасы Минскіге қашып кетті. Қазір отбасымен сонда тұрып жатыр.

2021 жылы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Құмтөр алтын кені төңірегіндегі коррупциялық іске байланысты қылмыстық іс қозғаған. Бұл іске қатысты бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктер ұсталып, экс-президенттерден жауап алынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435